Абайтанушының мұрасы насихатталды

Әдеби кеш
Бөгетсай ауылдық Мәдениет үйінде «Қазақ ғылымы мен әдебиетінің шамшырағы» атты әдеби-еске алу кеші өтті.
Қайым Мұхамедханов — абайтануға және Абайдың ақындық мектебінің көрнекті өкілдерінің өмірі мен шығармашылығын, сондай-ақ Алаш қайраткерлерін зерттеу ісіне зор үлес қосқан, шәкәрімтану саласының негізін қалаған ғалым, 1000-нан астам ғылыми еңбектің авторы. Сонымен бірге замандастары оны ақын және қоғам қайраткері ретінде де таныды. Семейдегі ұлы ақынның әдеби-мемориалды музейін жасақтау, Абай шәкірттерінің мұрасын жинақтау ісінің бастауындаҚайым Мұхамедханов тұрды. Биыл оның туғанына 110 жыл толып отыр. Бөгетсай ауылдық Мәдениет үйінде ұйымдастырылған кеш осы мерейтойға арналды.
Шара барысында жиналғандарға ғалымның өмір жолы мен ғылыми-шығармашылық мұрасы таныстырылды,әсіресе абайтану ғылымына қосқан үлесі жөнінде мол мағлұмат айтылды.
Сонымен қатар Қайым Мұхамедхановтың өлеңдері жатқа оқылды.
А.САРЫБАЙ,
Хромтау ауданы.



