Сайлау

Хромтау мен Қандыағашта әкімдер сайланды

Биыл 11 қаңтарда Мұғалжар ауданының Қандыағаш және Хромтау ауданының  Хромтау қалаларында әкімдер сайлауы өтті.

Облыстық сайлау комиссиясының мәліметінше, Қандыағаш қаласы бойынша сайлаушылар тізіміне 21 648 азамат енгізіліп, олардың 3 997-сі дауыс беруге қатысты. Дауыс беру қорытындысы бойынша Қандыағаш қаласының әкімі болып Данияр Шерниязов сайланды. Ол сайлаушылардың 2 092 дауысын жинап, тұрғындардың басым бөлігінің қолдауына ие болды.

Ал Хромтау қаласында сайлаушылар тізіміне 18 630 азамат тіркеліп, олардың 6 542-сі өз таңдауын жасады. Дауыс беру нәтижесінде Кеңшілік Битанов Хромтау қаласының әкімі болып сайланып, 4 561 сайлаушының сенімін ақтады.

Арайлым НҰРБАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button