Білім

Заманауи мүмкіндіктер мен өзгерістер

Семинар

Ақтөбеде мұғалімдердің цифрлық сауаттылығын арттыруға бағытталған әдістемелік семинар өтті. «ҚМЖ-ғы заманауи мүмкіндіктер: жасанды интеллект көмегі» тақырыбындағы семинар №78 жалпы білім беретін мектеп гимназияда ұйымдастырылды. Бұған қала мектептерінен жиырмадан аса мұғалім қатысты.

Іс-шара барысында мұғалімдер математика және физика сабақтарында  ҚМЖ (қысқа мерзімді жоспар) құрастыруда заманауи цифрлық мүмкіндіктерді тиімді қолдану тәсілдерін меңгерді. Сонымен қатар жасанды интеллект құралдарын оқу үдерісіне енгізудің тиімді жолдары ұсынылып, тәжірибелік бағытта жұмыс жүргізілді.Іс-шара барысында қатысушылар жаңа технологиялардың мүмкіндіктерімен танысып қана қоймай, оларды нақты сабақ үлгілерінде қолдануды да үйренді.

Қалалық білім бөлімінің әдіскері Нұрзия Амангелдіқызы мен №78 жалпы орта білім беретін мектептің директоры Жанар Сейтмағанбетова мұндай форматтағы тәжірибе алмасу мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттырып, білім беру үдерісін заманауи талаптарға сай ұйымдастыруға мүмкіндік беретінін айтты.

Семинар аясында қала мектептеріндегі оқушылдардың ғылыми жобалары көрсетілді. Мұғалімдер жасанды интеллект қолданудағы өз тәжірибесін бөлісті.

Ақбілек ӨМІРБЕКОВА, Ақтөбедегі №78 жалпы орта білім беретін

мектеп гимназияның математика пәнінің мұғалімі.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button