Спорт

Әскерлер жеңді

Ақтөбе қаласындағы «Динамо» спорт кешенінде ақтөбелік тәртіп сақшылары Тәуелсіздіктің жиырма жылдығына байланысты волейболдан жарыс өткізді.  Сайысқа 10 команда қатысып, өз бақтарын сынады.

Шарада облыстық ішкі істер департаменті кадр жұмысы басқармасының бастығы, полиция майоры Бағдар Әбуов спорттың адам денсаулығына тигізер маңызы зор екенін айтып, спортшыларға сәттілік тіледі.

Ала допты алақандарында ұршықша иірген полицейлер дода көрігін қыздырды. Сайыста шеберліктерін танытқан №6655 әскери бөлімі бас жүлдені жеңіп алса, екінші орынды арнайы мамандандырылған күзет басқармасы иеленді. Үшінші орынға  ҚР Ішкі істер министрлігінің Ақтөбе заң институты қол жеткізді. Сондай-ақ сәтті ойын көрсеткен  Ақтөбе заң институты командасының мүшесі Е.Бекзадаев «Үздік шабуылшы» атанса, арнайы мамандандырылған күзет басқармасының қызметкері А.Қайрашевқа «Үздік қорғаушы» номинациясы бойынша арнайы сыйлық табысталды. Жеңімпаз және жүлдегер командаларға жарыстың кубогы мен бағалы сыйлықтар беріліп, арнайы грамоталармен марапатталды.

К. ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button