Бизнес нысандарын аралады

Жұмысшы мамандықтары жылы аясында Алғада колледж оқушылары жергілікті кәсіпкерлер ашқан нысандармен танысты.
Бұл іс-шара кәсіби-техникалық білім мен нақты өндіріс арасындағы байланысты нығайту мақсатында «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы аудандық филиалының және Алға индустриялық-техникалық колледжінің бірлесіп ұйымдастыруымен өтті.
Атап айтқанда, болашақ мамандар термопанель өндіру, тігін, көлік жөндеу цехтарында, әсемдік салонында, т.б. нысандарда болып, қажетті ақпараттар алып, жұмыс барысын өз көзімен көрді. Ұйымдастырушылар осы бастаманы қолдаған Әмірхан Ізбасқанов, Кәмила Дабылова, Дәурен Байтақов сынды кәсіпкерлерге алғысын жеткізді.
Ал жастар жағы кәсіпкерлердің қызметіне қызығушылық білдіріп, болашақта өздері де жаңа іс бастауға ынталы екенін жеткізді.
А.САРЫБАЙ,
Алға ауданы.



