Спорт

Байлар да… доп ойнайды

Өзгенің қалтасындағы ақшаны санау, әрине, онша тәуір іс емес. Бірақ француздардың «France Football» журналы… сөйтіпті.

Бұл журнал жазып отырса, әлемдегі ең қалталы футболшы «Барселонаның» шабуылшысы Лионель Месси екен.

Ол жылына 33 миллион евро табатын көрінеді. Ал бұл ақша үш бөліктен тұрады. Жалақы — 10,5 миллион, сыйақы — 1,5 миллион евро. Ал негізгі қаржы, 21 миллион евроны Мессиге «Adidas», «Herbalife», «Pepsi» және «Gillette» тәрізді фирмалар өз өнімдерін жарнамалағаны үшін төлейді.

Мессиден кейінгі орында Бекхэм тұр — 31,5 миллион евро. Ол қаржының көп бөлігін, 26,0 миллион евроны косметика бұйымдарын (иіссу, иісмай, иіс сабын, опа-далап, т.б.), сондай-ақ ұстара құрал-жабдықтарын, т.б. жарнамалау арқылы табады. Ал футбол клубынан алатын қаржысы аса көп емес — 5,5 миллион евро.

Үшінші орындағы Криштиану Роналдудың жалақысы(13 миллион евро) мен жарнамадан түсетін қаржысы (15,5 миллион евро) шамалас.

Қысқасы, француздық журнал әлемдегі ең бай он футболшының қаржылық көздерін былай тізіп шығыпты.

1. Лионель Месси (Аргентина, «Барселона») — 33 миллион евро.

2. Дэвид Бекхэм (Англия, «Лос-Анджелес Гэлакси») — 31,5 миллион евро.

3. Криштиану Роналду (Португалия, «Реал») — 29,2 миллион евро.

4. Самюэль Это’О (Камерун, «Анжи») — 23,3 миллион евро.

5. Уэйн Руни (Англия, «Манчестер Юнайтед») — 20,6 миллион евро.

6. Серхио Агуэро (Аргентина, «Манчестер Сити») — 18,8 миллион евро.

7. Яя Туре (Кот д’-Ивуар, «Манчестер Сити) — 17,6 миллион евро.

8. Фернандо Торрес (Испания, «Челси») — 16,7 миллион евро.

9. Кака (Бразилия, «Реал») — 15,5 миллион евро.

10. Филип Лам (Германия, «Бавария») — 14,3 миллион евро.

Ертай Ашықбаев.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button