Ел дамуы жолындағы міндет пен меже

Гүлқасима СҮЙІНТАЕВА,
облыстықмәслихаттөрағасы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауы —бүкіл ел үшін маңызды бағдар. Ол жаһандық сын-қатерлерді де, әрбір азаматтың өмірін жақсартуға бағытталған нақты шешімдерді де көрсетеді.
Президент қазіргі әлем жылдам өзгеріп жатқанын, Қазақстан жаңа дәуірде өзінің лайықты орнын алуы керектігін баса айтты. Цифрландыру жағдайында жасанды интеллект технологиялары, платформалық экономика басты маңызға ие.Қысқа мерзімде толыққанды цифрлық ел құру—жастарымыздың болашаққа сеніммен қарауына және экономикаға қуатты серпіліс жасауға мүмкіндік беретін маңызды міндет.
Мемлекет басшысы экономика мен халықты жұмыспен қамту мәселелеріне ерекше назар аударды. Өңдеу өнеркәсібіне инвестиция тарту, жаңа өндіріс орындарын іске қосу және шикізатты терең өңдеуді дамыту экономиканы әртараптандыруға және мыңдаған жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді. Бұл әсіресе өңірлер үшін маңызды, өйткені біздің облысымызда да жаңа кәсіпорындар ашылады.
Сондай-ақ Президент шағын және орта бизнесті дамытуға да ерекше назар аударды. Бұл — экономиканың тірегі ғана емес, әр отбасыны қаржылық тәуелсіздікке апаратын жол. Кәсіпкерлерге жағдай жасау, әкімшілік кедергілерді азайту, қаржы мен нарыққа қолжетімділік—осының барлығы жүздеген мың белсенді қазақстандықтың әлеуетін ашуға мүмкіндік береді.
Жолдауда жастар мәселесі мен жұмысшы мамандықтардың жайы да назардан тыс қалмады. Бүгінде елімізге инженерлер, құрылысшылар, фермерлер қажет.Жас мамандар өз жұмысының сұранысқа ие екенін сезінуі керек. Біз үшін өскелең ұрпақтың елінің болашағын көріп, өз мамандығын мақтан тұтуы маңызды.
Су ресурстарының бірыңғай цифрлық платформасын құру және суды үнемдейтін технологияларды енгізу стратегиялық ресурстарды ұтымды бөлуге және халық пен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін сенімді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Ауыл шаруашылығы саласында Ақтөбе облысы үшін үлкен перспективалар ашылуда. Президент прогрессивті агроэкономикаға көшу, өнім өңдеу және агрохабтар құру қажеттігін айтты.Бұл — ауылда жаңа жұмыс орындарын ашу, логистиканы дамыту, экспорттық әлеуетті арттыру деген сөз. Мемлекетке қайтарылған ауыл шаруашылығы жерлері айналымға енгізілуі керек.
Денсаулық сақтау мен білім беру жүйесін жаңғырту да өте маңызды. Жаңа мектептер, заманауи медициналық пункттер облыс тұрғындарының сапалы қызметке тең қолжетімділігін қамтамасыз етуге тиіс.
Ел Президенті билік пен қоғам арасындағы ашық диалогқа негізделген Әділетті Қазақстанды құру бағытын дәйекті түрде жүргізіп келеді. Осы орайда бір палаталы жүйеге көшуді көздейтін парламенттік реформа туралы ұсыныс соңғы жылдардағы саяси қайта құрулардың заңды жалғасы іспетті.Бұл модель жоғары өкілді органның жұмысын жетілдіреді. Мәселенің қоғамдық талқылауға шығарылуы маңызды. Бір палаталы парламент демократиялық институттарды нығайтудағы маңызды қадам болмақ.
Президент Жолдауы—жай үндеу емес, халықтың тұрмысын жақсартуға бағытталған нақты іс-қимыл бағдарламасы. Ақтөбе облыстық мәслихаты Мемлекет басшысының бастамаларын толығымен қолдайды және оларды жүзеге асыру жолында жергілікті атқарушы органдармен және қоғамдық ұйымдармен бірлесіп жұмыс істеуге дайын.
Біздің мақсатымыз —өңірді дамыту, әлеуметтік тұрақтылықты нығайту және әрбір отбасының әл-ауқатын арттыру. Біз Мемлекет басшысы жүктеген міндеттерді жүзеге асырып, балаларымыздың болашағын қамтамасыз ететінімізге сенімдіміз.



