Пікір

Парламенттік реформа – демократиялық жаңғырудың өзегі

Сақтағанов Абай, «СНПС-АМГ» корпоративтік қауіпсіздік жөніндегі Бас менеджер, Ақтөбе қаласы мәслихатының депутаты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың парламенттік реформа жөніндегі бастамасы – Қазақстандағы саяси жүйенің сапалы жаңғыру кезеңін айқындайтын тарихи бетбұрыс. Мемлекет басшысы атап өткендей, бұл реформа – ел тағдырына тікелей әсер ететін маңызды мәселе. Парламент – демократиялық қоғамның негізгі тірегі, ал оның тиімділігін арттыру – халық сенімін күшейтудің басты жолы. Реформа заң шығару процесінің ашықтығын қамтамасыз етіп, саяси жауапкершілікті нақтылай түседі. Бұл өз кезегінде, әрбір депутаттың қоғам алдындағы міндетін терең сезінуге жол ашады. Ең бастысы – Парламенттің Үкіметке тәуелсіз, бірақ конструктивті серіктес болуына мүмкіндік туады. Қазір Қазақстанда саяси плюрализмнің жаңа деңгейі қалыптасып келеді, ал бұл реформаның нәтижесінде азаматтардың пікірін ескеретін, диалогқа негізделген парламенттік мәдениет орнығады. Осы бастама қоғамның саяси сауатын арттыруға да әсер етеді. Президенттің «Парламенттік реформа – халық тағдырын айқындайтын мәселе» деген сөзі әр азаматтың жауапкершілігін сезіндіретін үндеу деп қабылдауға болады. Бұл реформа билік пен қоғам арасындағы сенім көпірін нығайтады.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button