Қазақстан – аймақтағы ең ірі және серпінді дамып келе жатқан экономика

Болысбаева Айнұр, әлеуметтік ғылымдар PhD докторы, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің «Қазақстан халқы Ассамблеясы және әлеуметтік-саяси пәндер» кафедрасының аға оқытушысы.
Бүгін Ақордада өткен Республика күніне арналған салтанатты жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел экономикасының соңғы жылдардағы даму нәтижелерін атап өтті.
2019 жылдан бері Қазақстан экономикасы 16 пайызға өсті, ал биылғы жалпы ішкі өнім шамамен 137 триллион теңгеге (291 миллиард доллар) жетеді деп күтілуде.
«Бұл Қазақстанның біздің аймақтағы ең үлкен экономика екенін көрсетеді», – деді Мемлекет басшысы.
Сондай-ақ Президент атап өтті, жан басына шаққандағы ішкі жалпы өнім 47 пайызға өсіп, 14 400 долларға жетті – бұл ТМД елдері арасындағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі.
Мұндай деректер Қазақстанның тұрақты даму бағытын, инвестициялық тартымдылығын және реформалардың нақты нәтижесін көрсетеді. Тоқаевтың айтуынша, елдің алтын-валюта резерві 58 миллиард долларға, ал сыртқы сауда айналымы 142 миллиард долларға жеткен.
Бұл — экономиканың тұрақтылығын және қазақстандық модельдің тиімділігін дәлелдейтін айқын көрсеткіш.



