Мерей

Мемлекеттік қызметтің үлгісі

Қоғамда ел мүддесін бәрінен биік қоятын, өзінен кейінгіге ізетін аямайтын, жас буынға өнегелі өріс қалдырған ардагерлердің орны ерекше.Сондай жандардың бірі — Роза Сәрсенова. Ол саналы ғұмырын мемлекеттік қызметке арнады.

Роза Сәрсенқызы Ақтөбе педагогикалық институтын аяқтағаннан кейін алғаш еңбек жолын

Ырғыз ауданындағы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектепте мұғалім болып бастады. Кейін ұйымдастырушылық қабілетінің арқасында аудандық партия комитетіне ауысып, 1981-1985 жылдары Ырғыз аудандық партия комитетінің үгіт-насихат бөлімінде нұсқаушы, 1985-1992 жылдары Ырғыз аудандық кеңес атқару комитетінің төрағасының орынбасары, 1992-1995 жылдары аудан әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды. Осылайша облыс орталығынан шалғай жатқан ауданның дамуына елеулі үлес қосып, ел ішінде үлкен абыройға ие болды.

Одан кейінгі жылдары облыс әкімі аппаратының ішкі саясат бөлімінде, Қазақстан халқы кіші Ассамблеясы атқарушы хатшылығында жауапты қызметкер, облыстық мемлекеттік тілді дамыту басқармасының бастығы, облыстық ішкі саясат департаменті директорының орынбасары қызметтерін атқарды. Қырық жыл ғұмырын мемлекеттік қызметке арнаған ол жастар тәрбиесі, азаматтық қоғам институттарын құруда қоғамдық ұйымдарға жағдай жасау, тарихи-мәдени мұраларды сақтау, мемлекеттік тілді дамытуға байланысты мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру сынды маңызды жұмыстардың тиімді жүзеге асуына зор үлесін қосты.Мемлекеттік қызметпен қатар,қоғамдық жұмыстарға да белсене атсалысты. Мәселен, еліміз тәуелсіздік алған жылдары Ырғыз аудандық әйелдер кеңесінің төрағасы қызметін атқара жүріп, аудан орталығында Ыбырай Алтынсарин ашқан қыздар училищесінің 100 жылдығына арналған ескерткіштің ашылуына, сондай-ақ Олжас Сүлейменов бастаған «Невада-Семей» қорына көлемді қаржының аударылуына зор еңбек сіңірді. Ал 1999-2004 жылдары облыс әкімі жанындағы отбасы және әйелдер істері жөніндегі комиссияның хатшысы қызметін атқарған тұста өңірдегі әйелдердің қоғамдық-саяси белсенділігін көтеру, олардың арасында кәсіпкерлікті дамыту, отбасы құндылықтарын дәріптеу, аналар мен балалар денсаулығын қорғау жұмыстарын жүргізуде ұйымдастырушылық шеберлігін көрсетті. Көптің алғысына бөленген ол мемлекеттік қызметке қосқан үлесі үшін «Шапағат», «Қазақстан Республикасы

Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан РеспубликасыТәуелсіздігіне 20 жыл», т.б. медальдармен марапатталды.
Мен еңбек еткен жылдары мемлекеттік қызметте қыз-келіншектер қазіргідей көп емес еді. Қазір зерделеп қарасам, 40 жыл ғұмырымды мемлекеттік қызмет саласына арнаппын. Осы жылдар аралығында кәсіби маман және жауапты басшы ретінде түрлі қалыптасу кезеңдерінен өттім. Қай жағынан алып қарасақ та, жаны нәзік әйел адамға ерлермен бірге жүгі ауыр, жауапкершілігі зор қызметті алып жүру оңай емес. Дегенмен адал еңбек пен елге, туған өлкеге деген шынайы жанашырлық мені осындай жетістіктерге жеткізді. Осы жылдар ішінде өңірдің дамуына өз үлесімді қостым. Міне, қазір сол көп жылғы тынымсыз еңбектің зейнетін көріп отырмын, — дейді Роза Сәрсенқызы.

Осы аптада кейіпкеріміздің туған жері — Ырғыз ауданында үлкен іс-шара өтіп жатыр. Биыл Ырғыздың іргетасының қаланғанына 180 жыл толып отыр. Осы іс-шараға орай Роза Сәрсенқызы жерлестеріне өзінің жүрекжарды лебізін жолдап, ауданда атқарылып жатқан жүйелі жұмыстар мен оң өзгерістерге бағасын берді.

— Кез келген адамға туған жері қашанда ыстық қой. Мен қазір облыс орталығында тұрсам да, жерлестеріммен тілегім бір. Осы күнге дейін Ырғызда қаншама тарихи тұлғалар, ғалымдар, өнер саңлақтары өсіп-өнді. Әлі де тума таланттар, патриоттар шығатынына күмәнім жоқ. Сондықтан бұл мереке — тек Ырғыз өңірінің халқы үшін емес,барша қазақ елінің айтулы мерейтойы.

Осы тұста айта кеткім келеді, осыдан отыз жыл бұрын Ырғыздың 150 жылдығына Ақтөбеден екіавтобуспен ырғыздықтар тойға барған болатын. Олардың арасында  кезінде Ырғыз ауданында қызмет еткен қариялар Нұрқожа Орынбасаров, Алтынбек Әкімжанов, Батырхан Нақыпбеков, Зада Жетібаева, Рысжан Ілиясова сияқты аға буын өкілдері бар еді. Олар сол мерейтойда Ырғыздың болашағы әлі алда деп ақ батасын берген. Міне, қазір сол Ырғызкүннен-күнге көркейіп, әлеуметтік-экономикалық жағынан дамып келеді. Осы өлкенің перзенті ретінде ауылдастарыма амандық, елімізге бақ-береке тілеймін, — деді Роза Сәрсенқызы.

Айта кету керек, биыл мемлекеттік қызмет ардагерімерейлі 75 жасқа толып отыр. Қашанда игілікті істердің басы-қасында жүретін, жастарға айтары көп, қызметтегі тәжірибесі мен өнегесі өзгелерге үлгі болған кейіпкеріміз — ел алғысына бөленген жан. Оның сөзінше, ең биік құрмет — елдің шынайы алғысы. Одан бағалы құрмет жоқ.

Д.АЙДАР.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button