Қадірі бөлек жан

Кісілікті қалыптастыруүшін оқу-тәрбие, мәдени орта мен жұмысты, сондай-ақ жігерлілікті, ерік-күшті, байқағыштықты, сезімталдықты, әлеуметтік толыққандылықты жетілдіру қажет. Осындай түйінді тағылымды ұғымдардыөміріне арқау еткен, бойына қалыптастырған азаматтардың бірі — Қуаныш Нұршин.
Ол Жеңіс туы желбіреген 1945 жылы Ойыл ауданы, сол кездегі «Құрман» колхозының орталығы Қарасуда майдангердің отбасында дүниеге келеді.
Әкесі Маху соғысқа дейін Ойыл ауданында әскери комиссариатта қызметкер, Алтықарасу орта мектебінде әскери жетекші болған. 1941 жылы армия қатарынашақырылып, ел қорғау жолында Украина, Белоруссия майдандарында алғы шепте болған. Витебск түбіндегі шайқаста ауыр жарақат алып, оң аяғын тізеден төмен кестіріп, 1944 жылы елге оралады. Мінезі қаталдау, тәртіпті берік ұстанатын, мейлінше шыншыл адамеді. Отан соғысы», «Қызыл жұлдыз» ордендерімен, бірнеше медальмен марапатталған.
Зайыбы Қымбат дүниеге он бала әкеліп, тәрбиелеп, «Батыр ана» атанды.
Соғыстан кейін Маху майдангер аудандық партия комитетінде нұсқаушы, «Құрман»колхозы басқармасы төрағасының орынбасары, Қызылқорған ауылдық тұтынушылар кооперативінің төрағасы, одан соң зейнет демалысына шыққанға дейін әскери комиссариатта қызмет жасады.
Алтын құрсақ ананың үшінші перзенті Қуаныш 1952 жылы мектеп табалдырығын аттап, 1963 жылы Ойыл орта мектебін орыс тілінде бітіріп шықты. Сол жылы Ташкент қаласындағыауыл шаруашылығы институтының экономика және ұйымдастыру факультетіне оқуға қабылданып, оны 1971 жылы тәмамдап шығады. Студент кезінде Кеңес армиясы қатарына шақырылып, 1964-1967 жылдары әскери борышын атқарып келеді. Жауынгерлік шыңдалудан өткен ол 1967 жылы аталған институттың екінші курсынан оқуын жалғастырып, оны ойдағыдай бітіреді.
Сол кезде үлгерімі жоғары үздікстудентті, ізденгіш, қоғамшыл, белсенді жасты аспирантураға қалдыруға жолдама беріледі. Алайда ғылымға еңбек жолы арқылы баруды көздеген ол елге оралып, аудандық ауылшаруашылық басқармасына қызметке орналасып, мамандығы бойынша еңбек жолын бастайды. Кейін сол мекемеде бас агроном бола жүріп, өзінің жаңашылдығымен, табандылығымен танылады. Жігерлі жас маман жоғары басшылықтың назарына ілігіп, аудандық партия комитетінің аппаратына қызметке шақырылады.
Он жылдай елде еңбек етіп, тәжірибеде шыңдалған соң ғылым жолын да ойластыра бастайды. Сөйтіп, 1982-1984 жылдары Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтында аспирантураға қабылданып, аға ғылымиқызметкер дәрежесінде ізденіс жолына түседі.
«Қазақстанның жартылай шөл далалық аймақтарында ірі қара мал етін өндіруде мал азығын интенсификациялау» тақырыбында диссертация жазып, бұл еңбек экономика кафедрасы мен ұйымдастыру және басқару, агрономия және ботаника кафедрасының кеңейтілген отырысында талқыланып, Мәскеудегі ғылыми-зерттеу институтында қорғауғаұсыныс жасалған. Қазақстанғалымдарыныңөтінішінқабылдап, жас ғалымның жаңашылдығын мойындап, ұсыныстарын мақұлдап, сол мекемеден қорғау мерзімі көрсетілген шақырту қағазы да келген. Алайда әртүрлі жағдайға байланысты диссертацияны қорғауға барудың сәті түспейді.
Қуаныш Махуұлы 1990 жылдың қаңтар айында Ойыл аудандық атқару комитеті төрағасының орынбасары болып сайланды. Бұл қызметте де оның іскерлік іздері сайрап жатыр. Аудан орталығында су құбырларын жүргізу жұмыстары, телевидениеге сапалы антенна орнату жұмыстары атқарылды. Ойылдан 350 шақырым жердегі Мұнайлы мола аумағынан аудан орталығын асфальттау мақсатында кир тасылды. Бір ғажабы, осы асфальт материалдары іскерлік келісім нәтижесінде тегін алынды. Соның нәтижесінде басты екі көше тәп-тәуір асфальтталды.
Ол кезде іскер, тынымсыз еңбек ететін кадрларды артта қалған шаруашылықтарды басқаруға жіберу әдісі болатын. Осы есеппен Қуекең Ш.Берсиев атындағы кеңшарға директор болып тағайындалды.
Ақиқатын айталық, бұл шаруашылықта сол тұста көп шаруа тындырылды. Қыстақтарда мал азығы қоры тиянақталды, қысқа түсетін малдың қоңдылығы басты назарға алынды. Егіншілікпен қатар төрт түлік мал өсірілетін кеңшарда 1991 жылдың қысы іс басындағы азаматтарға айтарлықтай сынақ болды. Атқарылған шаруалардың нәтижесінде қыстан ел қатарлы шықты. Нар көтерер жүкті көтерді.
Сол тұстарда бас мамандарды жанына ерте жүріп, дала қостарында түнеп, малшы қауымның жанынан табылды. Ағаның ақылын алды, ініні іске қосты. Осындай қажырлы істің, қайтпас қайраттың нәтижесінде ауылдың ажары, шаруашылықтың шырайы кірді, елдің еңсесі көтерілді.
Қуаныш Махуұлы 1993-2008 жылдары Ақтөбе ауданы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы, облыстық тұқым инспекциясының басшысы, облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалану департаментінде бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарды. Одан кейін «Ақтөбе-Полис» сақтандыру қоғамы тұтыну кооперативінің төрағасы болды.
Адал еңбек қай кезде де ескеріледі, бағаланды. 1980 жылы Мәскеудегі ауыл шаруашылығы көрмесіне қатысып, кезектен тыс «Нива» көлігін сатып алу марапатына ие болды.
«Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Конституциясына 20 жыл», «Еңбек ардагері» медалдарын кеудесіне тақты.
2013 жылы Ұлттық ұйымдастыру комитетінің бизнес рейтингі қорытындысымен «Қазақстан даңқы» төсбелгісімен және «Еңбектегі жетістіктері үшін» медалімен, облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Өзі туып-өскен өңірдің экономикалық дамуына қосқан елеулі еңбегі үшін 2020 жылы оған «Ойыл ауданының құрметті азаматы» атағы берілді.
Зияткер отбасынан шыққан, Байра сияқты ұлағаттыұстаз ананың мектебінен ұшқанАнет Өтеғалиқызы азаматы Қуаныштың атына сай, мерейі қатарынанүстем болуына үлкенүлесінқосты.
Ол өз кәсібін жетік меңгеріп, жиырма үш жыл Ойылда, жиырма жыл Ақтөбе қаласы іргесіндегі Қарғалы аудандық ауруханасында жоғарғы санатты көз дәрігері қызметін мінсіз атқарды. Еселі еңбегінің нәтижесінде қалалық, облыстық және Денсаулық сақтау министрлігінің бағалы сыйлықтарымен, Құрмет грамоталарымен, Алғыс хаттарымен марапатталды.
Қуекең мен Анеттің тұңғыштары Мұрат Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтының орман және аңшылық факультетін бітіріп, Ақтөбе облысында алғашқы аңшы-саятшы маман болып жұмыс жасады. Өкінішке қарай, өміріқысқа болды. 2011 жылы дүниеден озды. Артында жолдасы Жайна мен Малика, Мирас, Мадияр есімді ұрпақтарықалды. Өңірдегі тұңғыш аңшы-саятшы маман ретінде Ойыл ауданында Мұраттың атында аңшылық қорықашылды.
Екінші ұлыҚанатҚазақстан көлік және коммуникация академиясының құрылыс факультетін бітірген. Ол Хромтау-Алтынсарин теміржолын салушылар қатарында саналады. Ақтөбе облыстық құрылыс басқармасында бөлім жетекшілігінен басқарма бастығы дәрежесіне дейін көтерілді. Ресейдегі Ржев қаласындаҚазақстандық жауынгерлерге арналған монумент құрылысына басшылық жасап, мерзімінде аяқталуына ықпал етті. Жарас, Олжас, Саида ұл-қыз өсіруде. Келіншегі Әлия — кәсіпкер.
Қуаныш ағаның жалғыз қызы Гауһар — Ақтөбе пединститутының шет тілі факультетін бітіріп, Атырауда «Теңіз-Шевроил» компаниясында аудармашылық қызмет атқарады. Күйеубала Асқар да осы компанияда инженер.
Балаларынан өрбіген немере, жиендердің өсіп келе жатқаны, әрбір тәтті қылықтары атасы мен әжесінқанаттандырып, өмір сүруге құштарлықтарын арттырып отырады.
Адам қанша жасқа келсе де, жолдас керек. Сексеннің сеңгіріне қол созғанымен, жаны сергек, жүрегі жалынды Қуаныш Махуұлымен талай жылдан бері өмірде, еңбекте қатар келе жатқан Түлкібай Сәдірбаев, Әмір Бектаубаев, Мұхамбет Ешмұқан секілді абзал азаматтар оның қадірін арттырып, мәртебесін көтеріп жүреді.
Бұл — ең алдымен, Қуекеңнің жақсылығы!
Қилыбай БАҚТАРБАЕВ,
білім беру саласының ардагері.



