Экономика

Өңірде инвестициялық ірі жобалар іске асырылады

Облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен инвестициялық штаб отырысында өңірдің өнеркәсіптік және инвестициялық әлеуетін арттыратын ауқымды жобалар қаралды.

Жобалардың бірі – шыны ыдыс шығаратын зауыт. Жобаға «AKTOBE STEKLO» ЖШС бастамашылық еткен. Инвестициялардың жалпы көлемі — 34,033 млрд теңге. Жоба аясында Өнеркәсіпті дамыту қорының қолдауымен газ поршенді станцияны сатып алу, сондай-ақ қалалық полигонға жақын жерден бір гектар аумақты бөлу көзделген.
Жобаны индустрияландырудың бірыңғай картасына енгізу жоспарлануда. Бұдан бөлек, болашақта шетелдік серіктестерді, соның ішінде «ATEC GROUP» холдингін тарту көзделген, бұл кәсіпорынның өндірістік және экспорттық мүмкіндіктерін күшейтеді.
Екінші жоба – аммиак пен карбамид өндіретін кешен. Жобаның бастамашысы – «KMG PetroChem» ЖШС. Жобаның жалпы құны — 1,2-1,5 миллиард АҚШ доллары.
Қазір ірі жер учаскесін бөлу, тәулігіне 20 мың тоннаға дейінгі көлемде техникалық судың тұрақты берілуін қамтамасыз ету, сондай-ақ жобаны құрылып жатқан арнайы экономикалық аймаққа енгізу мәселесі шешілуде.
Өңір басшысы Асхат Шахаров бұл жобаларды іске асыру Президент Қасым-Жомарт Тоқаев белгілеген елдің инвестициялық саясаты жетістіктеріне қол жеткізудегі маңызды қадам болатынын атап өтті.
— Біздің міндетіміз – инвесторлар үшін барынша қолайлы жағдай жасау. Бұл – қосымша жұмыс орындары мен салық түсімдері ғана емес, сонымен қатар капиталды тарту нүктесі ретінде өңірдің беделінің артуы, — деді облыс әкімі.

Д.АЙДАР.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button