Мәдениет

Жақсылықтардың жалғасы

Жолдаудағы халықтың әл-ауқатын жақсарту мен білім беру саласындағы міндеттер туралы айтылған тұстарға ерекше назар аудардым.

Сөз жоқ, соңғы жылдары халықтың үмітіне қанат бітіріп, сенімдерін бекітетін жаңалықтар көп болып жатыр. Бірақ тоқмейілсуге тым ерте. Міне, осыны назарға алған Елбасымыз бұл шаруалардың үнемі тиянақталып отыруы қажеттігіне тағы да көңіл бөліпті. Және сол ойларын жұрт жыл сайын асыға күтетін осы құжат арқылы нақтылап жеткізіпті. Халықтың әлеуметтік қорғалуы әлсіз жіктерінің тұрмыс деңгейін арттыра беру жөніндегі тапсырмалары шын риза етті.

Біз, аудандық мұражай қызметкерлері, Жолдауды ықыласпен тыңдап болған соң, дереу пікір бөлістік. Әрине, әркімнің көңіліне әр байлам ерекше орын теуіпті. Соның барлығын тұжырымдай келгенде, алға қойылып отырған міндеттердің қазіргі таңдағы басты шаруалар екендігіне, Елбасымыздың осы жайларды терең ойластырғанына бірауыздан ден қойдық.

Алмас РИМОВ,

Темір аудандық мұражайының директоры.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button