Спорт

Спорт және ұлт саулығы

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өз Жолдауында соңғы жылдары елімізде көптеген спорттық нысандар іске қосылғанын, бірақ сол нысандардың есігі жалпыға бірдей ашық еместігін айтып, осы мәселені шешуді тапсырып отыр. Меніңше, бұл мәселенің оң шешілу жолдарын жеке спорттық нысандар иелерімен бірлесіп іздестіруге де болады.

Жалпы, Елбасымыз бұқараны спортқа кең түрде тарту мәселесіне әрдайым тоқталып, оның маңыздылығын ерекше атап өтеді. «Басты байлық — денсаулық».  Дені сау ұлт — мемлекеттің басты қазынасы. Қалың бұқараны спортқа тарту бағытында жасалып жатқан қыруар шаруалардың да түпкі мақсаты ұлт саулығы екені даусыз.

Біздің облысымызда да спортты дамыту мақсатында үлкен шаруалар жасалып жатыр. Бүгінгі күні өңірімізде 1,5 мыңнан астам спорт нысандары бар. Кейінгі жылдардың өзінде теннис орталығы, «Мұнайшы» кешені сынды үлкен нысандардың берілгенінен жұрт хабардар. Облысымызда спортпен тұрақты түрде шұғылданатындар саны 130 мыңнан асады. Алдағы уақытта олардың қатары көбейе түседі деп үміттенемін.

Асхат ШАХАРОВ,

олимпиада резервтерін даярлау орталығының директоры,

самбодан үш дүркін әлем чемпионы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button