Әлеумет

Өсімнің өрісі

Статистика

Облысымыздың 2011 жылдың  қаңтар-желтоқсанындағы  әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқаша қорытындылары

Биылғы жылдың да алғашқы айы аяқталуға жақындады.

Ал өткен жылды қалай өткердік?

Жалпы бүгінгі таңда облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы өнеркәсіп өндірісінің, негізгі капиталға салынған инвестицияның, пайдалануға берілген тұрғын үйлердің, жолаушылар мен жүк тасымалдауларының, бөлшек сауда айналымының, халықтың жан басына шаққандағы табыстарының  және жалақының  өсуімен айқындалып отыр.

Енді осы жетістіктерді саралап көрейік.

 

Өнеркәсіптің сенімді серпіні

 

Облыстың өнеркәсіп өндірісінде 2011 жылғы қаңтар-желтоқсанда өткен жылғыдай оң серпін сақталып отыр.

Өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағалармен 1239 миллиард теңге құрады. Өндіріс индексі 2010 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 108,5 пайыз құрады (республика бойынша — 103,5 пайыз).

Өсімді қамтамасыз етіп отырған салалар:

Кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді қазу саласы —  9,7 пайыз;

Өңдеу өнеркәсібі — 3,7 пайыз;

Электрмен қамтамасыз ету, газ, бу жіберу  және ауаны баптау саласы — 2,6 пайыз.

Жалпы өнеркәсіп саласында көрсеткіштердің қалыптасуына елеулі ықпал жасап отырған — кен өндіру өнеркәсібі, себебі оның облыстық өндіріс көлеміндегі үлесі облыстың жалпы өнеркәсіп өндірісінің шамамен 80 пайызын құрап отыр.

2011 жылы аталған саланың кәсіпорындары 984,9  миллиард теңгеге өнім өндірді.  Мұнай (7 пайыз), ілеспе газ (17,2 пайыз), мыс рудасын (17,8 пайыз), мыс қорытпаларын (1,5 есеге), хром қорытпаларын (4,7 пайыз) өндіру көлемі өсті.

2011 жылы өңдеу өнеркәсібінде 193,5 миллиард теңгеге өнім өндірілді.  Азық-түлік тамақтарын, кокс және мұнай өңдеу өнімдерін, басқа да дайын металдық емес  өнімдерді өндіруде, машина жасауда  өткен жылдың  тиісті кезеңіндегі көрсеткіштер жоғарылады.

Электрмен қамтамасыз ету, газ, бу жіберу және ауа баптау саласында өндіріс көлемі 50,8 миллиард теңге құрады.

Электр энергиясын өндіру — 6,7 пайызға , жылу энергиясын өндіру 5,9 пайызға өсті.

Ал сумен қамтамасыз ету саласында өнім көлемі 2010 жылғы қаңтар-желтоқсан деңгейіне жеткен жоқ, нақты көлем индексі 99,6 пайызды құрады.

 

Шығымдылық өсті, ет, сүт көбейді

 

2011 жылғы қаңтар-желтоқсанда облыс бойынша ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 111,2 млрд. теңге  құрады,  нақты көлем индексі —115 пайыз.

Өсімдік шаруашылығы өндірісі — 36,5 пайызға, мал шаруашылығы 4,2 пайызға өсті.

Қол жетіп отырған нақты көлем индексіне өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда елеулі түрде ықпал жасаған — дәнді дақылдардың жалпы шығымдылығының өсу деңгейі.

Шаруашылықтың барлық санаттарында дәнді және  бұршақ дақылдарының  орташа шығымдылығы өңдеуден кейінгі салмақта гектарынан 7,5 центнер құрады (өткен жылы — 2,4 ц/га).

Астықтың жалпы жинағы 2010 жылға қарағанда 6,7 есеге көп — 428,6 мың тонна (өңдеуден кейінгі салмақта) құрады.

2011 жылы майлы дақылдардың егіс алаңдарының 2,1 есеге өсуі есебінен және қолайлы ауа жағдайларына байланысты облыс шаруашылықтары 10,4 мың тонна майлы дақылдар  жинады, бұл өткен жылғы деңгейден 3,3 есеге көп.

Теплицаларды пайдалануға беру есеп беру мерзімінде жабық топырақта өсетін көкөністердің 968 тоннасын жинауға  мүмкіндік берді (өткен жылғы деңгейден 32 есеге көп.)

Ашық топырақта өсетін бақша дақылдары мен көкөністердің  86,6 мың тоннасы жиналып,  95,6 мың тонна қамбаға түсті.

Мал шаруашылығы белсенді дамуда.

2012 жылғы 1 қаңтарға өткен жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда барлық мал басы түрлері көбейді, соның нәтижесінде жеке ет өндіру 5,6 пайызға, сүт өндірісі 2,2 пайызға өсті.

 

1883 ғимарат

 

2011 жылғы қаңтар-желтоқсанда құрылыс жұмыстарының көлемі 99,6 миллиард теңге құрады немесе 2010 жылдың  тиісті кезеңіне  салыстырмалы бағалармен  76,2 пайыз болды.

2011 жылғы қаңтар-желтоқсанда 1883 ғимараттың құрылысы аяқталды, бұл былай сипатталады — 1807 тұрғын үй және  76  тұрғын үй емес бағыттағылар, 5 — жалпы білім беретін мектептер, 2 — мектепке дейінгі мекемелер, 14 — амбулаторлы-поликлиникалық мекемелер.

2011 жылға тұрғын үй құрылысы саласына 23,6 миллиард теңге бағытталды,  бұл өткен жылға қарағанда 18 пайызға  көп. Осы кезеңде облыстың барлық меншік түрлеріндегі кәсіпорындары мен жеке  құрылыс жүргізушілер жалпы аумағы 410,8 мың шаршы метр 3042 жаңа пәтерлер салды, бұл 2010 жылғы қаңтар-желтоқсандағыдан 1,6 пайызға көп.

Халықтың жеке  қаражатымен және несие қаржыларымен жалпы аумағы 266,1 мың шаршы метр үйлер салынды, бұл өткен жылдың тиісті кезеңінен 5,7 пайызға көп. Олардың жалпы салынған  үйлер  көлеміндегі  үлесі 65 пайыздан жоғары болып отыр. Ауылдық жерлерде 75,7 мың шаршы метр құрылыс салынды, оның ішінде халықтың қаражатымен 59,5 мың шаршы метр үйлер салынды.

2011 жылғы қаңтар-желтоқсанда көппәтерлі үйлердегі жалпы аумағы 1 шаршы метр үй құрылысының орташа нақты құны 70,1 мың теңге  және халық қаражатымен салынған тұрғын үйлерде 49,2 мың теңге құрады (2010 жылы — 46 және 52,7 мың теңге). Облыс орталығында олардың құны тиісінше — 71,9 және 55,8 мың теңге құрады ( 2010 жылы — 44,1 және  62,3  мың теңге).

Инвестициялар үлесі

 

2011 жылғы қаңтар-желтоқсанда негізгі капиталға салынған инвестицияның көлемі 385,9 миллиард теңгені құрады, 2010 жылғы қаңтар-желтоқсандағы нақты көлем индексі 102 пайызды құрады.

Негізгі капиталға салынған инвестициялардың қаржыландыру көздері құрылымында басымды үлесті құрап отырған — шаруашылық субъектілерінің жеке қаржылары, бұл — 68,7 пайыз. Осы кезеңде шетелден негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі — 8,5 пайыз, несиеге алынған қаржылар — 8,5 пайыз, бюджеттік қаржылар — 14,3 пайыз.

Облыс кәсіпорындарында  негізгі капиталға салынған инвестициялардың елеулі үлесі өнеркәсіп саласында игеріліп отыр (инвестицияның жалпы көлемінен 76,8 пайыз).

2011 жылғы қаңтар-желтоқсанда аталған салаға  салынған инвестициялар өсімі 11,7 пайыз құрады.

2011 жылы өңдеу өнеркәсібіне салынған инвестициялар — 2,1 есеге, көтерме және бөлшек саудаға салынған  инвестициялар — 1,9 есеге, ақпарат және байланыс саласында — 1,6 есеге, қаржы қызметінде — 1,4 есеге, білім саласында 1,3 есеге өсті.

 

Тасымал ұлғайды

 

2011 жылғы қаңтар-желтоқсанда облыстың автомобиль көлігімен 54,5 миллион тонна жүк тасымалданды, бұл 2010 жылғы қаңтар-желтоқсанға қарағанда 33,1 пайызға көп, жүк айналымы 37,1 пайызға  өсті.

Жолаушылар айналымы тұрақты өсімге бет бұрды, бұл автомобиль көлігіндегі жолаушылар ағымының өсуіне байланысты болып отыр.

2011 жылғы қаңтар-желтоқсанда  199,3 миллион адам тасымалданды немесе бұл 2010 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 21,9 пайызға көп.

 

Байланыс

 

Облыстың байланыс кәсіпорындары аталмыш жылдың қаңтар-желтоқсанында 8108,1 миллион теңгеге қызмет көрсетті, бұл 2010 жылғы қаңтар-желтоқсанға қарағанда 12,2 пайызға көп.  Мұның ішінде халыққа көрсетілген қызмет — 4724 миллион теңге немесе  6,1 пайызға көп.

Пошта қызметі мен курьерлік байланыс қызметінің көлемі 20,6 пайызға өсті.

 

Сауда қызды

2011 жылғы қаңтар-желтоқсанда бөлшек сауда айналымының көлемі 242,7 миллиард теңге құрады және 2011 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда (тұрақты бағалармен)  21,1 пайызға өсті.

Сонымен бірге осы кезеңде рыноктар мен жеке кәсіпкерлердің қызметті өткізу көлемі 25 пайызға өсті, сауда кәсіпорындары 17,2 пайызды құрады, ал бұл бөлшек сауда дамуының жалпы бетбұрысына  ықпал жасады.

2011 жылғы қаңтар-желтоқсанда азық-түлік тамақтары мен сусындарды ұсыну көлемі 6428,7 миллион теңге  құрады немесе өткен жылғы тиісті кезеңге қарағанда  25,8 пайызға көп. Шағын кәсіпорындар мен жеке кәсіпкерлердің үлесіне қызметтер көлемінің 47 пайызы келіп тұр.

 

Табыстар

Облыс экономикасының серпінді дамуы оның тұрғындарының әл-ауқатының өсіміне ықпал жасады.

2011 жылғы қарашада облыс халқының орташа бір жанға шаққандағы қаржылық табыстары 47958 теңге құрады.  2010 жылғы қарашамен салыстырғанда өсім атаулы табыстар бойынша 14 пайыз  және қаржылық табыстар бойынша 6,2 пайыз  құрады.

2011 жылғы қарашада қызметкерлерге есептелген орташа айлық атаулы табыс алты күнкөріс минимумын қамтамасыз ете отырып, 80806 теңге құрады. 2010 жылғы қарашаға өсім 15,1 пайыз құрады 2010 жылғы қарашаға нақты көлем индексі — 107,3 пайыз құрады.

2011 жылғы қарашада облыс бойынша (әдеттегідей) орташадан жоғары  белгіленген жалақы төмендегідей:

  • Кен өндіру өнеркәсібі  — 122306 теңге;
  • Қаржы және сақтандыру қызметі — 119684 теңге;
  • Көлік  және қоймалау — 107528 теңге;
  • Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет — 107227 теңге;
  • Мемлекеттік басқару — 96750 теңге.

Ең төменгі жалақы   төмендегі  қызмет түрлерінде:

  • Ауыл шаруашылығы — 40215 теңге;
  • Білім — 59990 теңге;
  • Денсаулық сақтау — 69266 теңге.

 

Бағалар

 

Облыстың  тұтынушылық  нарығында  инфляция деңгейі 2011 жылғы желтоқсанда  2010 жылғы желтоқсанына қарағанда — 6,8 пайыз, орташа республикалық — 107,4 пайыз құрады, ал  бұл — республика бойынша ең төменгі көрсеткіш.

  • азық-түлік тауарларына бағалар 8,7 пайызға өсті;
  • азық-түлік емес бағалар  5,4 пайызға қымбаттады;
  • ақылы қызметтерге бағалар мен тарифтер өсімі — 5,7 пайыз.

Азық-түлік тауарлары  нарығында  ет және ет өнімдеріне — 22,7 пайыз, балық және теңіз өнімдеріне — 11,9 пайыз, сүт өнімдеріне — 10 пайыз, май  мен тоң майға — 9,3 пайыз, кондитер өнімдеріне — 9,6 пайыз, жемістерге — 5,1 пайыз , жұмыртқаға 4,1 пайыз қымбаттады.

Дегенмен баға  көкөністерге — 21 пайызға, қантқа — 12,1 пайызға, күрішке —  4,1 пайызға, ұнға 4,5 пайызға  төмендеді.

Жыл басынан бері  тамақ өнімдерінің ең төменгі жинағының құны 12,1 пайызға өсіп,  8330 теңге құрады.

Азық-түлік емес тауарлардың қымбаттауы негізінен, киім  түрлерінің (3,3 пайыз) және аяқ киімнің (3,3 пайыз) маусымдық жаңаруына, жуғыш заттардың  (2,1 пайыз), жеке гигиена тауарларының  (2,3 пайыз), баспа өнімдерінің (6,0 пайыз), медикаменттердің (1,9 пайыз), бензиннің (24,5 пайыз), құрылыс материалдарының (4,9 пайыз)   қымбаттауына байланысты болып отыр.

Ақылы қызметтер саласында денсаулық сақтау қызметтері — 12 пайызға, байланыс қызметтері — 9,1 пайызға, білім саласы қызметі 8,3 пайызға елеулі  түрде қымбаттады.
2011 жылғы желтоқсанда көлік қызметтері бағасы 14,8 пайызға, оның ішінде теміржол жолаушылар көлігі қызметтері 11,5 пайызға өсті .

Халыққа  көрсетілетін тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық ұйымдарының қызметтері облыс бойынша орташа есеппен — 3,6 пайызға, оның ішінде салқын су — 5 пайызға, электр энергиясы — 6,3 пайызға, газбен  қамтамасыз ету 2,5 пайызға  қымбаттады.

2011 жылғы желтоқсанда орташа облыс бойынша жаңа тұрғын үйдің бір шаршы метр бағасы 101,7 мың теңге құрады, ал көркейтілген үйді қайта сату 116,3 мың теңге құрады.

Жұмыссыздар ретінде  жұмыспен қамту органдарында  тіркелген жұмыссыздар саны 2010 жылғы  желтоқсанның аяғына   958 адам немесе экономикалық белсенді халық санына 0,2 пайызды құрады. Жасырын жұмыссыздық деңгейі  бағалау бойынша  экономикалық белсенді халық санына 0,1 пайызды құрады.

16 379 сәби

Демографиялық жағдайдың дамуында  ағымдағы жылы оң бетбұрыстар сақталуда. 2011 жылғы 1  желтоқсанға   халық саны  алдын ала есептер бойынша 785,5 мың адам құрады және  2011 жыл басынан бері  8  мың  адамға өсті.

Қалалық  жерлерде 484,3 мың адам (жалпы санынан 61,7 пайыз) және ауылдық жерлерде 301,2 мың адам (38,3 пайыз) тұрып жатыр.

2011 жылғы қаңтар-қарашаға облыста туғандар саны — 16379, ал қайтыс болғандар — 5354. Табиғи өсім 11025 адам құрады.

Облыстың әрбір 1000 тұрғынына шаққанда 22,86 туғандар мен 7,47 өлімнен келіп тұр (2010 жылғы қаңтар-қарашада тиісінше 22,59 және 7,93 промиле).

Облыстағы  демографиялық жағдайға миграциялық процестер ықпал жасады.

2011 жылғы қаңтар-қарашада облысқа республикадан тыс жерлерден келгендер саны — 445, кеткендер саны — 787 адам және 2010 жылғы қаңтар-қарашамен салыстырғанда келгендер саны 39 пайызға, кеткендер саны 12,6 пайызға өсті.

2011 жылғы қаңтар-қарашада республиканың басқа облыстарынан  Ақтөбе облысына келгендер саны — 8182 адам, кеткендер саны — 10792 адам. 2010 жылғы қаңтар-қарашада өңіраралық көшіп-қонуда халықтың оң сальдосы белгіленді: +2827, 2011 жылғы қаңтар-қарашада теріс  сальдо байқалып отыр:  – 2610 адам.

2010 жылғы қаңтар-қарашада облыс шегінде мекенжайын өзгерткендер саны — 7897 адам, 2011 жылғы қаңтар-қарашада — 5729 адам.

Сыртқы миграциялық ағымдардың  құрылымында қай этносқа жататыны бойынша келгендердің ішінде елеулі үлесті алып отырғандар: қазақтар – 61 пайыз, орыстар — 19 пайыз, украиндар — 4 пайыз, немістер 1 пайыз құрап отыр. Кеткендердің жалпы санынан қазақтардың алып отырған  үлесі – 12 пайыз, орыстар — 54 пайыз, украиндар — 20 пайыз, немістер — 5 пайыз.

 

Облыстық статистика департаментінің мәліметтері бойынша әзірленді.

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button