Әлеумет

Нотариус: Жаңа тариф пен жаңа қызмет

Үстіміздегі жылдың 16 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасы «Нотариат туралы» Заңына енгізілген өзгертулер мен түзетулер күшіне енді. Бұл — жеке нотариустардың еңбекақы төлеу жүйесінде жаңалық болады деген сөз. Яғни, бұрын нотариалдық қызметтердің бағасын нотариустардың өздері немесе нотариалдық палаталар белгілеп келсе, енді бұл қызметтің Заң бойынша белгіленген бағасы бар.

Арнайы топтағыларға тегін қызмет

Облыстық әділет департаменті халыққа заңгерлік көмек көрсету және құқық түсіндіру бөлімінің бас маманы Маргарита Асадулованың айтуынша, Заңға енгізілген өзгертулер мен түзетулерде арнайы топтағы адамдар үшін нотариус қызметтері тегін көрсетілмек.

Осы жылдың 16 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасы «Нотариат туралы» Заңына енгізілген өзгертулер мен түзетулер күшіне енді. Енді тұрғындар арасындағы арнайы топтағы адамдарға нотариус қызметі тегін көрсетіледі. Атап айтар болсақ, олардың арасында Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен соларға теңестірілген тұлғалар, І және ІІ топтағы мүгедектер, «Батыр ана», «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлері бар. Сондай-ақ бала күнінен мүгедектердің ата-анасының бірі мен қамқоршы бекітілген созылмалы жүйке ауруына шалдыққан науқастарға да қызметтің бұл түрі тегін ұсынылады, — деді М.Асадулова.

Нотариус мұндай топтағы адамдардан арнайы анықтама қағазын сұратады.

 

Зейнеткерге де жеңілдік бар

 

Мамандардың айтуынша, барлық деңгейдегі жасы бойынша зейнеткерлер жеке нотариустың қызметі үшін төлемді жаңа тариф негізінде, яғни мемлекеттік баж мөлшеріне сәйкес  едәуір төмен бағамен төлейтін болады. Мәселен, бұдан былай зейнеткерлер жай сенімхат үшін 304 теңге емес, 162 теңге төлемекші. Осыған дейін құжаттар көшірмесінің әр беті үшін нотариусқа 86 теңге төлесе, енді бар болғаны 81 теңге көлемінде қаржы жұмсамақ. Сондай-ақ мұрагерлік құқыққа берілетін куәлікті олар 1618 теңге төлеп алатын болады. Бұрын ол куәлікті азаматтар 9107 теңгеге сатып алатын еді.

Нотариус қызметінің мұндай бағамы нотариалды куәландыруға жататын құжаттардың жобасын өз бетімен дайындаған тұлғаларға да қатысты қолданылатын болады. Әрине, бұл орайда мұндай құжаттар жобасын арнайы заң саласында жұмыс жасайтын немесе заңгер мамандар ғана сауатты түрде әзірлейтіні жасырын емес.

 

Ауыл және құқықтық қызмет

 

Заңға енгізілген өзгертулер мен толықтыруларда ауыл тұрғындары үшін нотариустың ақылы қызметін 50 пайызға төмендету қарастырылған.

Бұл — елді мекен тұрғындарына көрсетіліп отырған жеңілдік. Өйткені қаладағыдай емес, ауылдық жерде тұрғындардың бәрі бірдей қызмет жасамайды, — деді журналистерге өткізген брифингте облыстық әділет департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Нұркен Уәйдин.

Бүгінгі күні облыста 83 нотариус жұмыс жасайды. Олардың 58-ы облыс орталығында қызмет істейді.

Бұған дейін облыста бір ғана мемлекеттік нотариус қызмет көрсетті. Ол  Ақтөбе қаласындағы халыққа қызмет көрсету орталығында орналасты. Дегенмен, ол кезде мемлекеттік және жеке нотариустардың бағасы бірдей болған жоқ. Бұрын жеке нотариустар тарифті өздері немесе нотариалдық палата арқылы белгілеп келді. Енді арнайы Заңның 30-1 бабы бойынша барлық нотариусқа бірдей баға бекітілді. Егер нотариалдық қызметте тариф мәселесіне қатысты туындаған түсініспестіктер болса, тұрғындардың жергілікті әділет органдарына немесе нотариалдық палатаға хабарласқаны дұрыс, — деді Нұркен Уәйдин.

 

Нотариустар саны шектелмейді

 

Мамандардың айтуынша, бұрын Заң бойынша нотариустар санына квота берілетін. Сол себепті осы уақытқа дейін Ақтөбе қаласында нотариустар саны 59-дан асқан жоқ. Енді Заңға енгізілген өзгертулер мен түзетулерде бұл жүйе күшін жоятын болды.

Бұрын нотариалдық азаматтар нотариаттық қызметпен айналысу құқығына ие болу үшін Астанада аттестациядан өтетін. Енді бұл емтихан жергілікті әділет органдарынан өткізіледі. Бұдан соң сәйкесінше  мемлекеттік лицензиясы бар тұлғалар нотариалдық қызметін жүзеге асыру үшін алдымен нотариалдық палатаға мүшелікке қабылданып, одан соң аумақтық әділет органдарында есептік тіркеуден өтеді, — дейді Маргарита Асадулова.

Енгізілген өзгерістерге сәйкес, енді жасы 25-ке толған және заң саласында екі жылдан кем емес еңбек өтілі бар азаматтардың нотариус болуға мүмкіндігі бар. Мамандардың айтуынша, нотариалдық палатаға мүшелікке қабылданудан бас тарту заңда қарастырылған жағдайлар негізінде реттелмек. Сондай-ақ нотариалдық палаталарға лицензиясы бар азаматтардан кіру жарнасын алуға тыйым салынады.

Нотариалды палатаға мүшелікке кіру үшін үміткерден бірнеше құжаттардың болуы талап етіледі. Атап айтсақ, өтінішпен қоса жеке басын куәландыратын құжат, мемлекеттік лицензия көшірмесі қажет. Бұл орайда, лицензияны электронды түрде берілгені маңызды емес. Дегенмен, лицензия www.elicense.kz интернет-порталы арқылы тексеріледі. Сондай-ақ үміткерге жергілікті жері бойынша берілген наркологиялық және психиатриялық диспансерлердің медициналық анықтамасы, аумақтық құқықтық статистика органдарынан соттылығының жоқ екенін дәлелдейтін құжат пен екі жылдан кем емес уақыт заңгерлік мамандығы бойынша жұмыс өтілін растайтын еңбек кітапшасының көшірмесі талап етіледі, — дейді мамандар.

Нотариалдық қызметті ашуға бел буған заңгерлер үшін жергілікті әділет органдарына есептік тіркеуге тұруда тиісті құжаттарды жинау үшін де бірнеше мекемеге бас сұғуына тура келеді.

 

Тексеріс тәртібінде түзету бар

 

Белгілі болғандай, отариалдық қызметті бақылау тәртібінде өзгерістер орын алды.

— Егер осыған дейін бақылауды әділет департаменті нотариаттық палатамен бірлесіп жүзеге асырса, енді бұл міндет департамент мамандарының өзіне жүктеледі, — дейді Нұркен Уәйдин.

Құжаттарды нотариуста куәландыру кезінде тұрғындарға мейлінше жағдай жасалуы қажет. Бұл туралы Заңға енгізілген өзгертулерде айтылады. Яғни, әрбір нотариустың кеңсесінде тұрғындардың күту залы, нотариаттық іс-әрекеттерді жасау бөлмесі болу қажет. Сонымен қатар, белгіленген тариф мөлшері қабырғаға ақпараттық негізде іліну тиіс. Егер бұл талаптар орындалмаса, тексеру органдары арқылы нотариусқа тиісті шара қолданылады.

 

P.S. Өткен жылы еліміздегі барлық нотариустар электронды нотариат жүйесіне қосылуға тиіс еді. Бұл туралы «Зерде» Ұлттық ақпараттық-коммуникациялық холдинг»  өкілдері хабарлаған болатын. Дегенмен қазір нотариустардың 90 пайызы электронды нотариат жүйесіне еніп үлгеріпті.  Әрине, бұл жүйе тек нотариустарға ғана емес, олардың қызметін пайдаланатын тұтынушылар үшін де тиімді болмақ. Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша, электронды қалыпқа 15 қызмет түрі енгізіліп, электронды үкімет порталына 2 миллионнан астам пайдаланушы тіркелген.

Арайлым НҰРБАЕВА.

 

Нотариаттық іс-әрекеттерді жасағанда құқылы-техникалық сипаттағы   қызметтерге алынатын  төлемдер

(Айлық есептік  көрсеткіш (АЕК) — 1618 теңге)

Нотариаттық іс-әрекеттер Тарифтер

ҚР «Салық Кодексінің» 536 бабына сәйкес

Ақылы қызметтер   бабына сай ҚР «Нотариат туралы» Заңның  30-1 бабына сәйкес Барлығы
1. жылжымайтын мүлiктi (жер учаскелерiн, тұрғын үйлердi, пәтерлер мен өзге де жылжымайтын мүлiктi) иелiктен шығару туралы шарттарды куәландыру:

а) егер тараптардың бiрi заңды тұлға болса-

б) балаларына, жұбайына, ата-анасына, туған аға-iнілерi және апа-қарындастары мен сiңлiлерiне, немерелерiне-

в) басқа адамдарға-

г) егер мәмiле жылжымайтын мүлiктi ипотекалық тұрғын үй займы бойынша алынған қаражат есебiнен сатып алу мақсатында жасалатын болса-

 

 

 

 

 

 

 

1000% АЕК-16180 тг.

 

 

 

 

500% АЕК-8090 тг.

 

 

700% АЕК-11326 тг.

 

 

 

 

200% АЕК-3236 тг.

 

 

 

 

 

 

 

7 АЕК – 11326 тг.

 

 

 

 

2 АЕК – 3236 тг.

 

 

5  АЕК – 8090 тг.

 

 

 

 

2 АЕК – 3236 тг.

 

 

 

 

 

 

 

27506 тг.

 

 

 

 

11326 тг.

 

 

19416 тг.

 

 

 

 

6472 тг.

2. ауылдық жерлердегi жылжымайтын мүлiктi (жер учаскелерiн, тұрғын үйлердi, пәтерлердi, саяжайларды, гараждарды, ғимараттар мен өзге де жылжымайтын мүлiктi) иелiктен айыру туралы шарттарды куәландыру:
егер тараптардың

а) бiрi заңды тұлға болса –
б) балаларына, жұбайына, ата-анасына, туған аға-iнілерi және апа-қарындастары мен сiңлiлерiне, немерелерiне –

в)басқа адамдарға-

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

100% АЕК-1618 тг.

 

 

50% АЕК – 809 тг.

 

 

70%  АЕК– 1133 тг.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 АЕК – 3236 тг.

 

 

1 АЕК – 1618 тг.

 

 

2 АЕК – 3236 тг.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4854 тг.

 

 

2427 тг.

 

 

4369 тг

3. автомотокөлiк құралдарын иелiктен айыру туралы шарттарды куәландыру:
а)      егер тараптардың бiрi заңды тұлға болса

б) балаларына, жұбайына, ата-анасына, туған аға-iнiлерi және апа-қарындастары мен сiңлiлерiне, немерелерiне

г) басқа адамдарға

 

 

 

 

700% АЕК-11326 тг.

 

 

500%  АЕК-8090 тг.

 

 

 

500%  АЕК-8090 тг.

 

 

 

 

5  АЕК – 8090 тг.

 

 

2 АЕК – 3236 тг.

 

 

 

5 АЕК  – 8090 тг.

 

 

 

 

19416 тг.

 

 

11326 тг.

 

 

 

16180 тг.

4 жалға беру, қарыз, (ипотекалық тұрғын үй займын қоспағанда), кепiлақы, лизинг, мердiгерлiк, неке келiсiмшарттары, ортақ меншiктегi мүлiк бөлiсi, мұрагерлiк мүлiктi бөлу, алименттердi төлеу жөнiндегi келiсiмдердi, құрылтай шарттарын куәландыру  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

500% АЕК-8090 тг.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5 АЕК- 8090 тг.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

16180 тг.

5 ипотекалық тұрғын үй займы шарттарын куәландыру  

200% АЕК- 3236 тг.

 

2 АЕК – 3236 тг.

 

6472 тг.

6 өсиетхаттарды куәландыру 100% АЕК-1618 тг. 2АЕК – 3236 тг. 4854 тг.
7 мұрагерлiкке құқық туралы куәлiктi беру 100% АЕК-1618 тг.

(әр берілген куәлікке)

3 АЕК – 4854 тг.

(әр берілген куәлікке)

 

6472 тг.

8 ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiндегi үлеске және бiрлескен ортақ меншiк құқығындағы мүлкi бар өзге адамдардың меншiк құқығы туралы куәлiктi беру  

 

 

 

100%АЕК -1618 тг.

 

 

 

 

4 АЕК – 6472 тг.

 

 

 

 

8090 тг.

9 мүлiктi пайдалану мен иелену құқығына сенiмхаттарды куәландыру  

 

50% АЕК-809 тг.

 

 

2 АЕК – 3236 тг.

 

 

4045 тг.

10 сату құқығынсыз автокөлiк құралдарын пайдалану және басқару құқығына сенiмхаттарды куәландыру  

 

 

100% АЕК-1618 тг.

 

 

 

1 АЕК – 1618 тг.

 

 

 

3236 тг.

11 автокөлiк құралдарын сатуға, сыйға тартуға, айырбастауға сенiмхаттарды куәландыру  

 

200% АЕК -3236 тг.

 

 

2 АЕК – 3236 тг.

 

 

6472 тг.

12 өзге сенiмхаттарды куәландыру

а) жеке тұлғалар үшін

б) заңды тұлғалар үшін

 

10% АЕК -162 тг.

50%  АЕК -809 тг.

 

1 АЕК – 1618 тг.

2 АЕК – 3236 тг.

 

1780 тг.

4045 тг.

13 теңiздiк наразылық бiлдiру 50% АЕК-809 тг. 5 АЕК – 8090 тг. 8899 тг.
14 құжаттардың көшiрмесi мен құжаттардың үзiндi көшiрмесiнің растығын куәландыру (әр бетiне):
а) жеке тұлғалар үшін
б)  заңды тұлғалар үшін
 

 

 

 

 

5% АЕК -81 тг.

10% АЕК-162 тг.

 

 

 

 

 

0,05 АЕК-81 тг.

0,07 АЕК-113 тг.

 

 

 

 

 

162 тг.

275 тг.

15 құжаттардағы қойылған қолдың, сондай-ақ құжаттардың бiр тiлден басқа тiлге аудармасының дұрыстығын куәландыру (әрбір құжат үшiн):
а) жеке тұлғалар үшін-
б) заңды тұлғалар үшін-
 

 

 

 

 

 

3% АЕК -49 тг.

10% АЕК-162 тг.

 

 

 

 

 

 

0,5 АЕК – 809 тг.

1 АЕК – 1618 тг.

 

 

 

 

 

 

858 тг.

1780 тг.

16 жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн басқа жеке және заңды тұлғаларға бергенi үшiн  

 

 

20% АЕК-324 тг.

 

 

 

0,5 АЕК – 809 тг.

 

 

 

1133 тг.

17 құжаттардың нотариат куәландырған көшiрмелерiн беру  

20% АЕК-324 тг.

 

0,5 АЕК – 809 тг.

 

 

1133 тг.

18 телнұсқа бергенi үшiн 100% АЕК -1618 тг. 2 АЕК – 3236 тг. 4854 тг.
19 банктерде шот ашқан кезде қойылған қолдың растығын куәландыру үшiн (әрбір құжат үшiн):
а) жеке тұлғалар үшін-

б) заңды тұлғалар үшін –

 

 

 

 

 

10% АЕК -162 тг.

50% АЕК -809 тг.

 

 

 

 

 

0,3 АЕК-485 тг.

0,5АЕК – 809 тг.

 

 

 

 

 

647 тг.

1618 тг.

20 жылжымайтын мүлiк кепiлі шарттарын, ипотекалық тұрғын үй займдары бойынша талап ету құқықтары мен ипотекалық куәлiктердi куәландыру:

Өзге де кепiл шарттарын куәландыру

 

 

 

 

200% АЕК -3236 тг.

 

700% АЕК -11326 тг.

 

 

 

 

2 АЕК – 3236 тг.

 

3 АЕК – 4854 тг.

 

 

 

 

6472 тг.

 

16180 тг.

21 вексель наразылығын жасағаны үшiн және чектiң төленбегенiн куәландыру  

50% АЕК -809 тг.

 

1АЕК – 1618 тг.

 

2427 тг.

22 құжаттарды және бағалы қағаздарды сақтағаны үшiн 10% АЕК -162 тг.

( әр айсайын)

0,5 АЕК – 809 тг.

(әр ай сайын)

971 тг.
23 кепiлгерлiк пен кепiлдiк шарттарын куәландыру  

50% АЕК -809 тг.

 

1АЕК – 1618 тг.

 

2427 тг.

24 Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актiлерiнде көзделген басқа да нотариаттық іс-әрекеттердi жасағаны үшiн  

 

 

 

20% АЕК -324 тг.

 

 

 

 

7 АЕК – 11326 тг.

 

 

 

 

11650 тг.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button