Әлеумет

Жылжымалы қоғамдық қабылдау өтті

Кеше Тұрғындар қалашығы базарының алдында арнайы безендірілген көлік ішінде нұротандықтар жылжымалы қоғамдық қабылдау ұйымдастырды.

Рупормен айтылған хабарландыруды естіген жұрт көлік маңына ақырындап келе бастады. Тұрғындар сауалына «Нұр Отан» партиясы атынан облыстық мәслихат депутаттығына сайлауға түсуге ниет білдіріп отырған үміткерлер — Қуаныш Елубаев, Мәжит Бекмеев, Тәттігүл Талаева жауап берді.

Тұрғындардың бірі —  егде жасқа келіп қалған Татьяна Сұлтанова өзінің үш жылдан бері алматылық «Арома» фирмасынан жалақысын ала алмай жүргенін, шағым айтып бармаған жері, ашпаған есігі қалмағанын әңгімеледі. Үміткерлердің бірі Қуаныш Елубаев шағымданушыға өзі туралы мәліметтерді «нұротандықтарға» жазып қалдыру керектігін, сосын бұл мәселені егжей-тегжейлі тексеретіндіктерін айтты.

«Нұротандық» үміткерлер бұған дейін №16 Ақтөбе орта мектебі, ВОХР ауданының тұрғындарымен кездесіп, осындай қабылдаулар ұйымдастырыпты. Мұны бізге үміткерлердің бірі Мәжит Бекмеев айтты. Оның айтуынша, қалалық тұрғындардың көбі негізінен тротуарларды асфальттау, аулаларды көріктендіру мәселелерін алға тартыпты. «Бұйырса, айтылған мәселелер бойынша алдағы уақытта жұмыстар жүргізіледі», — дейді М.Бекмеев.

Айнұр ІЛИЯСҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button