Әлеумет

Монитор сайлауға шақырады

Ақтөбедегі троллейбустар мен бірқатар үлкен автобустарға халықты 15 қаңтар күні болатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарын сайлауға қатысуға шақырған  бейнероликті монитор орнатылды.

«Троллейбус паркі» акционерлік қоғамы директорының орынбасары Ғизат Алдияровтың айтуынша, бүгінгі күні мекеме иелігінде 10 троллейбус бар.

Күн сайын жолаушылар тасымалдау үшін 8 троллейбус тұрақты жұмыс жасап жүр. Қазір ақтөбеліктердің 60 пайызы қала ішінде троллейбустар мен сыйымдылығы үлкен автобустармен қатынайды. Сол себепті, 15 қаңтар күні болатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарын сайлауға халықты осы ақпараттан хабардар ету үшін троллейбустарға арнайы монитор қондырдық. Дыбыссыз монитордан сайлаудың өтетін күні мен сайлау бюллетенін белгілеу тәртібі туралы ақпараттық бейнеролик жүреді, — дейді Ғизат Алдиярұлы.

Қалалық аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы Темірбек Нұртазиннің айтуынша, ресми дерек бойынша қазір Ақтөбеде 220 мың сайлаушы бар. Сайлау болатын күні 125 учаскелік сайлау комиссиясы жұмыс жасайды.

Бүгінгі күні тұрғындарға учаскелік сайлау комиссиялары арқылы сайлауға шақырту қағаздары мен бұл туралы Ақтөбе қаласы әкімі Нұрмұхамбет Әбдібековтің арнайы үндеуі жазылған парақшалар таратылды. Қазір бұл туралы бұқаралық ақпарат құралдарында да айтылып, жазылып жатыр. Дегенмен, қалалықтар көп мінетін сыйымдылығы үлкен автобустар мен троллейбустарға «Троллейбус паркі» акционерлік қоғамының қолдауымен монитор қондырылды. Монитор арқылы сайлау туралы толық мағлұмат беретін бейнероликтер тұрғындарды кеңінен ақпараттандырудың бір жолы, — деді Т.Нұртазин.

«Троллейбус паркі» АҚ өкілдерінің айтуынша, сайлау өткеннен кейін қоғамдық көліктерде орнатылған монитордан өзге де ақпараттық хабарламалар халыққа ұсынылатын болады.

Арайлым НҰРБАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button