Әлеумет

Жаңа дүкен ашылды

Ненің пайда, ненің зиян екенін қазір халық айтпай-ақ біледі. Асфальт жол бітіп, аудан мен облыс орталығының арасы жақындап еді, дүкендер көбейді. Ал тұрғындар үшін сауда орындарының молайғаны жақсы, бәсекелестік күшейіп, тауардың бәсі түседі. Сондықтан әр дүкеннің ашылуын көпшілік қуанышпен қарсы алады.

Жаңа жылда  аудан орталығындағы Жангелдин көшесі бойында жаңа дүкен пайдалануға берілді. Жаңа дүкеннің иесі Нәдинаш Нұғыманова ұзақ жыл мектепте ұстаздық қызмет атқарып, зейнеткерлікке шыққан соң, кәсіпкерлік жолға түскен.

Село тұрғындарының үлкен қуанышына айналған дүкен ресми түрде ашылды. Оған Ырғыз ауданының әкімі М.Дуанбеков қатысып, селодағы сауда орындарының  қазіргі заман талабына сай жаңа үлгімен салынған тағы бір жаңа дүкенге көбеюімен құттықтады. Кәсіпкердің ісіне сәттілік тіледі. Қуанышты сәтте тұтынушылар Ә.Сарин, Л.Айтқұловалар сөз алып, жаңа сауда орнының халыққа үлгілі қызмет көрсететініне нық сенім білдірді.

Кәсіпкер өз дүкеніне Абай бауырының есімін қойған. Марқұм Абай Пірманбетов —мектепте ұзақ жылдар басшылық қызметте болып, жас ұрпақ тәрбиесіне өлшеусіз үлес қосқан адам,

М. КЕНЖАЛЫ,

Ырғыз ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button