Әлеумет

Дін және жастар

№12 кәсіптік лицейде  «Дін туралы сенің көзқарасың» атты кеш өтті. Шараға аудандық ішкі саясат бөлімінің бастығы Қанат Байсеуіпов, Бадамша мешітінің бас имамы Әбуғали Айтжанов, аудандық ішкі істер бөлімінің жасөспірімдер істері жөніндегі  полицейі Жасұлан Өтегенов және кітапхана қызметкерлері мен оқушылар  қатысты.

Жиында бас имам Ә.Айтжанов ислам діні туралы әңгімелеп, оқушылардың сұрақтарына жауап берді. Ал Қанат Байсеуіпов жастарды жат ағымдардан сақ болуға шақырды. Сондай-ақ жат ағымдардың ылаңын әшкерелейтін кітапшалар таратылды.

Басқосу соңында лицей ұжымы қонақтарға алғысын айтты.

Бақыт ИМАШЕВ,

Қарғалы ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button