Әлеумет

Абайсыздық та, артықшылық жасау да — арға сын

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанда жемқорлық әлі де болса мемлекет пен қоғамның өміріне, сондай-ақ республикамыздың ұлттық қауіпсіздігі мен болашағына қауіп төндіріп отырған қатер!» — деп осы әлеуметтік кесірмен жүргізілетін күресті қарқындату міндетін алға қойған еді.

Тәуелсіз мемлекеттер арасында республикамыз — жемқорлыққа қарсы заңнамасы барынша дамыған елдердің бірі. Сыбайлас жемқорлыққа жол беретін, қызметтік жағдайын пайдаланып, қиянатшылық жасаумен күресті реттейтін негізгі құқықтық актілердің талаптарын орындау мақсатында Тобыл-Торғай экология департаменті және оның Қостанай филиалы біраз іс-шараларды жүзеге асыруда.

Департамент сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу мақсатында 2011 жыл бойынша Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған жоспарын қабылдап, соған сәйкес жүйелі жұмыстар жасады.

Шаралардың жариялылығы үшін сенім телефондары орнатылды. 55-77-40, 50-19-22 нөмірлі бұл телефондарға жұртшылықтың хабарласуына болады.

Заңды тұлғаларды, қоғамдық ұйымдар өкілдері мен азаматтарды қабылдау күндерінің жұмыс жасау тәжірибесін кеңейту жұмыстары бойынша ақпарат жергілікті «Ақтөбе», «Актюбинский вестник» және көршілес Қостанай өңірі   газеттеріне ұдайы беріліп келеді. Сонымен қатар, жеке және заңды тұлғалардың арыздары мен хаттарына арналған пошта жәшігін орнатып, арнайы тіркеу журналын аштық.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамалардың сақталу жұмыстарын жүргізу негізінде құқық қорғау органдарының қатысуымен дөңгелек үстелдер, дәрістер, семинарлар өткізіледі. Ағымдағы жылда департамент қызметкерлері және қаржы полициясының қызметкерлері қатысқан семинар өткізіліп, түсіндірме дәрістері жалғасын табуда.

Бізде салынған және төленген айыппұлдарға сараптама жасалынып, қорытындыланып отырады. Департамент қызметкерлеріне қатысты сыбайлас жемқорлыққа байланысты болған фактілер туралы мониторинг жасалды.

Жоспарға сай жасалған жұмыстардың қорытындысы бойынша, 2011 жылы сыбайлас жемқорлыққа жол беретін тәртіптік жауапкершілігі үшін департаменттің 4 қызметкері жұмыстан босатылды.

Әрбір сыбайлас жемқорлыққа жол беретін негіздер бойынша департамент қызметкерлерінің азаматтарға абайсыздықпен жасалған және артықшылық қарым-қатынастары үшін қызметтік тергеу әрекеті жүргізіледі.

Экологиялық реттеу және бақылау комитеті төрағасының бұйрығына сәйкес департаменттің ережесіне және бақылауға департамент қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығына департамент бастығының жауапкершілігі туралы қосымша енгізілді.

Сондай-ақ шағын және ірі бизнес субъектілеріне қолданыстағы заңнаманың талабына сай, олардың құқықтары мен міндеттемелері туралы жаднама сенім телефондарымен бірге дайындалып жолданды.

Сонымен қатар, ағымдағы жылда прокуратура және қаржы бақылау органдары ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына сәйкес департаментте тексеріс жүргізді. Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік қызмет туралы агенттік басқармасы тарапынан «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» заңнамаларына сәйкес тексеріс жұмыстары жүргізілді, мемлекеттік қызметкерлердің Ар-намыс кодексіне сәйкес қызметшілерді бақылау нәтижесі бойынша жоғарыда аталған тексерістер, уәкілетті органдар шығарған шешімдерге сәйкес құқық бұзуға жол берушілікке заңды жауапкершілік қарастырылды.

Сонымен қатар, департаментте әкімшілік кедергі және рұқсат етілген рәсімге оңтайландыру жұмысы жүргізілуде. Мұнымен қатар сыбайлас жемқорлыққа жол беретін және екі жақты түсініктегі нормаларға қолданыстағы заңнамадағы қарама-қайшылық бойынша мониторинг жүргізілуде.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес жұмысын ары қарай дамыта түсу мақсатында департаментте құқық қорғау органдары,  «Нұр Отан» ХДП өкілдері қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Күн тәртібінде «Тексеріс жүргізу кезінде кәсіпкерлік субъектілердің заңды мүдделері құқық бұзушылығын жібермеу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерін орындау» тақырыбы бойынша мамандар баяндамалар оқып, өз пікірлерін білдіріп, тәжірибе алмасты. Басты мақсат — сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және жол бермеу.

… Біздің байқағанымыз,  қызметкерлер кейде абайсыздықпен заң нормаларын бұзып алғанына мән бермейді, кейде артықшылықтар жасауға қадам жасайды. Мемлекеттік қызметші абайсыздыққа да, артықшылыққа да жол бермеуі тиіс. Өйткені оның соңында сыбайлас жемқорлыққа жақындау да алыс емес.

 

Жақсығали ИМАНҚҰЛОВ,

«Тобыл-Торғай» экологиялық департаментінің директоры.

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button