Пікір

Ақтөбе әуежайы мультимодальды орталыққа айналады

Дастан МАЛИЕВ,
«Ақтөбе халықаралық әуежайы» АҚ басқарма төрағасы:

— Ақтөбе халықаралық әуежайы — тұрғындар үшін көлік қызметінің қолжетімділігін қамтамасыз ететін, сонымен қатар аймақ үшін әлеуметтік-экономикалық маңызы бар стратегиялық нысан. Бүгінде әуежай терминалының өткізу қабілеті сағатына 400 жолаушыға жетіп отыр. Мұнда кей кездері 3-4 рейс қатар орындалған уақытта 1,5 мың астам жолаушыға қызмет көрсетіледі.
2024 жылдың қорытындысы бойынша Ақтөбе халықаралық әуежайы 985 мың жолаушыға қызмет көрсетті. Бұл 2023 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 10%-ға артық. Жалпы, соңғы 5 жылда бұл көрсеткіш 110 пайызға көбейіп отыр.
Сондай-ақ әуежайдан 4520 рейс орындалып, 11 мың тонна жүк пен пошта тасымалданды.
Айта кету керек, Ақтөбе әуежайы — еліміздегі қарқынды дамып келе жатқан өңірлік әуежайлардың бірі. Бүгінде Ақтөбе әуежайына 11 бағытта жолаушылар рейстері орындалады, оның ішінде: 6 ішкі рейс (Астана, Алматы, Ақтау, Атырау, Түркістан және Шымкент (маусымдық)) және 5 халықаралық бағыттар (Ыстамбұл, Шарм-Эш-Шейх, Анталья (маусымдық), Доха (маусымдық), Пхукет (маусымдық)).
Былтыр Air Cairo және FlyArystan авиакомпанияларының қосымша рейстерін ашу арқылы Шарм-Эш-Шейхке рейстер саны ұлғайтылды. Қараша айынан бастап SCAT әуекомпаниясы Астана мен Алматыға рейстер санын көбейтті.
2025 жылдан бастап FlyArystan және Turkish Airlines авиакомпанияларының рейстер жиілігін арттыру арқылы Антальяға рейстер аптасына 8 рейстен 10 рейске дейін ұлғайтылады. Бұдан бөлек Кутаиси, Ташкент және Үрімшіге рейстерді ашу бойынша келіссөздер жүргізіліп жатыр.
Президент тапсырмасы бойынша Ақтөбе әуежайын жүктерді жинақтау және тарату бойынша бәсекеге қабілетті және сапалы қызмет көрсететін мультимодальды орталыққа айналдыру көзделіп отыр. Мәселен, қазір орта есеппен әуежайға аптасына 7 жүк рейсі орындалады. Ақтөбе әуежайының жүк хабы ретінде айтарлықтай даму әлеуеті бар.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button