Денсаулық

«Бір күндік клиника» жобасы: сау сәби

Елімізде  ана мен баланы қорғау мәселесіне ерекше көңіл бөлінеді. Жаңа көзқарас жүктіліктің ерте кезеңінде ұрықтың жатырішілік патологиясын уақтылы анықтап, емдеуді көздейді. Осы мақсатта өткен жылы  облыстық перинаталды орталықта «Бір күндік клиника» пилоттық жобасы іске қосылған болатын. Қазіргі таңда аталған жоба өз нәтижесін беріп отыр.

Жоба басталғалы өңірде 7 мыңға жуық жүкті әйел тексерістен өткен. 316 әйелдің қан талдауы тәуекел тобына жатқызылса, оның 10-на генетикалық дианостика жүргізілген. Тексеріс кезінде жатырдағы ұрықтан 42 туабітті, 18 хромосомалық ауру анықталыпты.

«Бір күндік клиникада» жүкті ана расыменде бір күнде толық тексерілуден өтеді.  Тіркелгеннен кейін пациент ультрадыбыстық зерттеуге жіберіледі, оны арнайы дайындалған пренатологтар жүргізеді. Олар 30 минуттан кейін зерттеу қорытындысын шығарады. Әрі қарайәйел тест тапсырады, генетик дәрігерлер30-45 минут ішінде қанды тексереді. Нәтижесі шыққанша жүкті ана психологтың қабылдауынан өтеді. Бұдан кейін акушер-гинеколог талдау нәтижелерін қарайды.Егер көрсеткіштері жақсы болса, әрі қарай учаскелік емхана дәрігеріне жолдама береді. Ал ұрықтан қандайда бір кінәрат табылса, консилиум шақырылып, жүктілікті әрі қарай жалғастыру немесе тоқтату мәселесі қаралады.

Емханада кәсіби білікті 10 дәрігер жұмыс істейді. Мамандар күніне 70-ке жуық әйелді қабылдап, 5 бағыт бойынша тексерістен өткізеді. Жақында  клиника базасы заманауи ультрадыбыстық зерттеу аппаратымен толықты. Облыстық перинаталды орталықтың дәрігер-генетигі Гүлсара Айтқалиева әйелдер жүктілікті жоспарлау қажеттігін айтады. Себебі өмірге сырқат сәбидің келуі көп жағдайда жоспарсыз жүктіліктен болады. Өйткені жүктілікті жоспарлаған кезде әйел адам дәрумен ішіп, өз денесіндегі түрлі инфекцияларға қарсы ем алады. Яғни денсаулығын түзегеннен кейін ғана сәби көтереді.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button