Алғаның білімі мен бүгіні
Жұмыс сапары
Облыс әкімі Асхат Шахаров жұұмыс сапарымен Алға ауданына барды. Мұнда өңір басшысы тұрғындармен кездесіп, аудандағы әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысты. Сондай-ақ жаңа пәтердің кілтін алған тұрғындардың қуанышымен бөлісті.
Талдысайда 60 орындық мектеп салынады
Ауданға сапарында Асхат Шахаров Талдысайда жұмыс істеп тұрған бастауыш мектептің тыныс-тіршілігімен танысты. Оқу орны 80 орынға шақталған, бүгінде мұнда 34 оқушы білім алады. Мектепте компьютерлік сынып, кітапхана, психолог кабинеті, спортзал және буфет бар. 1975 жылы бой көтерген ғимарат апатты деп танылған.
— Біздің мектеп ескі, ұзақ уақыттан бері жаңартуды қажет етіп тұр. 1991 жылдан бері бұл мектепте математика пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеймін. Көптеген әріптестерім сияқты, мен де барлық заманауи стандарттарға жауап беретін заманауи, жайлы мектепте сабақ беруді армандаймын. Үш жыл бұрын жаңа мектеп салынатыны туралы айтылды. Әрине, қатты қуандық. Бірақ әзірге бұл мәселе шешімін тапқан жоқ. Бүгінгі таңда заманауи техникалармен жабдықталған көптеген жаңа мектептер ашылып жатыр, біз оқушылар үшін одан да жақсы әрі сапалы білім беру кеңістігін құрсақ дейміз,— деді Балжан Бүркіталина.
Мұғалімдерді тыңдағаннан кейін облыс әкімі Асхат Шахаров биыл Талдысайда 60 орындық жаңа мектептің құрылысы басталатыны туралы жаңалықпен қуантты.
— Кез келген ауыл үшін мектептің болуы — ең маңызды мәселе. Биыл мұнда 60 орындық жаңа мектептің құрылысы басталады. Ол заман талабына сай келетін оқу кабинеттерімен, спортзалмен, акт залы және медициналық пунктпен жабдықталады, бұл балаларды оқыту процесін жеңілдетеді.
Қазір облыста салынып жатқан 25 мектептің 14-інің құрылысы «Жайлы мектеп» ұлттық бағдарламасы аясында жүргізіліп жатыр. Жаңа мектептерді іске қосу оқушылардың оқуына қолайлы және қауіпсіз жағдайларды қамтамасыз етіп қана қоймай, үш ауысымды оқыту мәселесін шешуге және апатты жағдайдағы ғимараттар мәселесін жоюға септігін тигізеді,— деп атап өтті әкім.
Өңір басшысы 68 түтіні бар Талдысай ауылының дамығанын атап өтті. Ауылдағы жолдардыңжағдайы жақсы. Тұрғындар «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында өз істерімен айналысуға мүмкіндік алды, бұл халықтың өмір сүру деңгейін арттыруға ықпал етеді.
Ауылдың өмірі мен дамуына белсенді қатысып жүрген тұрғындарға алғысын білдірген облыс әкімі оларға қолайлы жағдай жасау бағытындағы жұмыстардың жалғаса беретініне сенім білдірді.
Өңір басшысы Талдысайдағы ауылдық медпункт жұмысымен де танысты. Жазда мұнда 30,2 млн теңгегекүрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Шатыры мен терезелері ауыстырылып, едені қайта қалпына келтірілді, қасбеті боялды. Медициналық пункт күніне 30 келушіні қабылдауға қауқарлы.
Жаңа жобамен салынған балабақша
Алға қаласында қаңтар айының басында ашылған «Сафия» балабақшасыжеке қаражат есебінен салынған. 250 орындық балабақшада қазір 108 бала тәрбиеленіп жатыр. Балабақшада тоғыз ойын бөлмесі, балаларға арналған жатын және жуынатын бөлмелер бар. Әр топқа жеке-жеке кіреберіс жасалған, бұл ата-аналарға өте ыңғайлы. Сондай-ақ асүй мен киім жуатын орын қарастырылған.
Балабақша жұмысымен танысқан өңір басшысы әр топтың балаларды тәрбиелеудегі шарттарымен танысып, бүлдіршіндерге жасалған жағдайды бағамдады.
— Балалардың жайлы және қауіпсіз жағдайда өсуі маңызды. Бұл негізгі басымдылық және мұндай жобалар балалар өсіп, дами алатын ортаны құруға көмектеседі, ал ата-аналар олардың әл-ауқаты мен қауіпсіздігіне сенімді болады. Осы балабақшаны салу жобасын басқа аудандарда да пайдалануға болады деп ойлаймын, — деді әкім.
Аудандық ауруханаға компьютерлік томограф сатып алынды
Өңір басшысы Алға аудандық ауруханасының күрделі жөндеу жұмыстарымен де танысты. Ауруханада жылыту жүйесі, терезелер, есіктер, еден жабыны толығымен ауыстырылып, шатыр жұмыстары жүргізілді.
Бас дәрігер Әлібек Қуашов 1975 жылы салынған аурухана күніне 500 келушіге есептелгенін айтты. Тәулік бойы жұмыс істейтін стационарда 71 төсек-орын бар. Науқастар 90 төсек-орындық күндізгі стационарда ем ала алады. Мұнда 70 дәрігер және 273 орта медициналық қызметкер жұмыс істейді. Емдеу мекемесіне 1 ФАП, Алға ауданының 19 амбулаториясы бекітілген. 2024 жылы ас блогы мен шаруашылық корпусының ғимаратына күрделі жөндеу жүргізілген.
Облыс әкімі аяқталған жөндеуден кейін аурухананы қарап, пациенттер үшін жасалған жағдайлармен танысты. Ол халыққа, әсіресе ауылдық жерлерде сапалы және қолжетімді көмек көрсету үшін медициналық мекемелерді жаңғыртудың маңызын атап өтті.
— Аудандық ауруханада 187 миллион теңгеге компьютерлік томограф орнатылды. Жақында мұнда жаңа жылжымалы флюрография кешені және маммограф құрылғылар жеткізіледі. Біз жергілікті бюджет арқылы аудандардағы медициналық мекемелердің қажеттіліктерін қамтамасыз етуге тырысамыз. Сондай-ақ мәслихат депутаттары әрқашана уылдық денсаулық сақтау саласының өркендеуін қолдайды,—деді А.Шахаров.
Өз кезегінде аурухана қызметкерлері жергілікті билік органдарының ауылдық денсаулық сақтау саласына көңіл бөлгені үшін алғыстарын білдірді.
— Ауруханада өте жақсы жөндеу жүргізілді, ас блогы мен шаруашылық блогы да жөнделді. Осындай жақсы бастамалар ауылдарда да жалғасын тапты. Жақында шалғай ауылдарда екі медициналық пункт ашылды, дәрігерлік амбулатория салынып жатыр. Айта кету керек, ауданның санитарлық көлікпаркі 100 пайызға жаңартылып, жедел жәрдем қызметінің жұмысын жақсартты,—деді эпидемиолог-дәрігер Әмет Нәбиев.
Баспаналы болған тұрғындардың қуанышы
Жұмыс сапары барысында Асхат Шахаров жыл басында жаңа баспанаға қол жеткізген алғалықтармен кездесті.
Алға қаласындағы 19 үш бөлмелі пәтердің кілтін мемлекеттік тұрғын үй қорынан кезектет ұрған отбасылар алды. Жаңа қоныс иелері тұратын №22 үй Алға қаласындағы Есет батыр көшесінде орналасқан. Ол республикалық және облыстық бюджеттер есебінен қайта жаңартылды. Жұмысты «Н.Мұратбаев» ЖК жүргізді.
— Ел Президентінің тапсырмасы бойынша мұқтаж азаматтарды қол жетімді баспанамен қамтамасыз етуге басымдық беріледі. Мемлекеттік бағдарламаларды тиімді іскеасырудың арқасында біз алға қойылған мақсаттарға қол жеткіземіз. Алға ауданында әлеуметтік қолдау және тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелері басым міндеттер қатарында қалып отыр. Тұрғын үй алуға кезекте тұрған азаматтардың әлеуметтік санаттарына ерекше көңіл бөлінеді,—деді әкім.
Жаңа баспана иелері Асхат Шахаровпен кездесу барысында берілген тұрғын үйлер жайлы әрі жылы екендерін айтып, алғыстарын білдірді.
— Мен сегіз бала тәрбиелеп отырмын. Мемлекеттік қызметшімін. Осы уақытқа дейін отбасыммен бірге берілген қызметтік тұрғын үйде тұрып келдік. Енді міне, үш бөлмелі жарық және кең пәтеріміз бар. Біз қазір жайлы жағдайда өмір сүруге мүмкіндігіміз бар екеніне өте қуаныштымыз,—дейді «Алтын алқа» алқа иегері Гүлшат Нұрымбетова.
Облыс әкімі Алға тұрғындарына ел Президенті қойған азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған барлық тапсырмалары мемлекеттік бағдарламалар аясында шешілетінін тағы да еске салды.
М.ТАБЫН.