Денсаулық

Медпункт күрделі жөндеуден өтті

Ақшатау ауылында медициналық пунктке жүргізілген күрделі жөндеу жұмыстары аяқталып, жаңа жылда ел игілігіне берілді.

Ақшатау ауылының 517 тұрғынына алғашқы көмек көрсетіп, ем-шара жүргізетін медициналық пунктке былтыр облыстық бюджеттен 30,8 млн теңгеге күрделі жөндеу жүргізілген болатын. Сонымен бірге нысан жаңа медициналық құрал-жабдықтармен толықты. Бір сөзбен айтқанда, мердігерлер аядай үйді «ұядай» қылды.

Жаңа жылда аудан әкімінің орынбасары Мұратбай Айдарбаев пен Ойыл аудандық ауруханасының бас дәрігері Сәндібек Нұрбаев жөндеу жұмыстарымен танысып,

жергілікті тұрғындарға сапалы медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру мақсатында медпунктке жедел жәрдем көлігінің кілтін табыстады.

Жаңа жылда қуанышқа кенелген ақшатаулықтарел ағаларына алғыстарын жаудырды.

Айта кету керек, бүгінде Ақшатау ауылында екі қабатты жаңа мектеп және клуб бар. Сондай-ақ  ауыл халқы таза ауызсумен қамтылған.

Серікбай ҚОЙБАҒАРОВ,

Ойыл ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button