Пікір

Білімге көңіл бөлеміз

Батыржан САПАРҒАЛИ, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің 3 курс студенті.

Студенттер үшін жыл жағымды жаңалықпен басталды: стипендия көлемі артты. Бұл өзгеріс — тек қаржылай қолдау ғана емес, сонымен бірге оқуға деген ынтаны арттыратын маңызды қадам. Соңғы уақыттағы инфляция мен бағалардың өсуін ескерсек, мұндай шешім мемлекеттің студенттердің жағдайына бей-жай қарамайтынын және қолдау көрсетуге дайын екенін көрсетеді. Студенттердің көпшілігі пәтер жалдап тұрады. Одан бөлек жолақы, күнделікті азық-түлік алу – барлығы қалтамызға оңай соқпайды. Шәкіртақының өсетінін естігенде қатты қуандық. Егер қаржылай қолдау артса, студенттер қосымша жұмыс істемейді, оқуға көбірек көңіл бөледі. Яғни шәкіртақының өсуі білім алушыларға негізгі назарды оқуына аударып, бос уақытын біліктілікті арттыру курстарына, ғылыми жобалар жазуға, қосымша ізденуге мүмкіндік береді. Бұл жастардың болашақта өз саласында бәсекеге қабілетті маман болып қалыптасуына ықпал етеді.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button