Спорт

Нұрлыханның жеңісі

Күрес

Астана қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында қазақ күресінен ересектер арасында өткен «Дала қырандары» республикалық турнирінде ойылдық спортшы Нұрлыхан Мұхамбетов «Бас палуан» атағын жеңіп алды.

Ол 60 келі салмақта сынға түскен барлық қарсыласын жеңіп шықты. Облыс намысын қорғаған Нұрлыхан — Ойыл аудандық спорт мектебінің түлегі. Бапкері — Ойыл аудандық спорт мектебінің директоры Тимур Қалниязов.

Биыл аталған дәстүрлі турнирде сегіз салмақ дәрежесінде  64 палуан өзара сынға түсті.

Турнир қорытындысы бойынша 60 келі салмақта ақтөбелік Нұрлыхан Мұхамбетов, 100 келі салмақта шымкенттік Ерсұлтан Мұзаппаров өз салмағының «Бас балуаны» атанды.

Айта кету керек, «Дала қырандары» спортты қолдау ұлттық қорының қолдауымен «Qazaq Kuresi» ассоциациясы ұйымдастырған дәстүрлі турнирдің жалпы жүлде қоры — 100 000 мың АҚШ доллары.

 Г.АЛЕКСЕЕВА,

Ойыл ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button