Басты жаңалықтарМереке

Құрметті ақтөбеліктер! Қадірлі жерлестер!

Тарихтың тағы бір парағы түгенделіп, халқымыз жаңа 2025 жылға қадам басқалы тұр. Бұл—өткенжылды ой елегінен өткізіп, алдағы мақсат-міндеттерді бағамдайтын кезең, болашаққа сеніммен қадам басатын ерекше сәт.

2024 жыл өңіріміз үшін сынаққа толы жыл болса да, Президенттің тапсырмаларын назарға алып, табысты аяқтап отырмыз. Бастысы,халықтың тұрмыс-тіршілігін жақсарту бағытында бірқатар игі істер атқарылды.

Қыстағы қарлы боран, көктемдегі алапат су тасқынымен жұмыла күрестік. Зардап шеккен тұрғындардың, кәсіпкерлердің, шаруалардың барлық шығыны өтелді. Баспанасыз қалған 1013 отбасы жаңа үйлі болды. Су басқан аймақтарда әлеуметтік нысандар жөнделіп, кейбір мектеп-балабақшалар қайта бой көтеруде. Сынаққа төтеп беруде ауызбіршілік танытқан барша ағайынға алғыс білдіремін.

Биылөңіріміздежаңаөндіріс орындары ашылып, ауыл шаруашылығы саласында да рекордтық көлемде мол өнім жиналды. Инвестиция, жол инфрақұрылымын дамыту, денсаулық сақтау, білім беру және мәдениет салаларының өркендеуі басты назарда болды. Екі мыңнан астам тұрғыны бар жеті ауыл сумен қамтамасыз етілді. Екімыңғажуықхалқы бар 5 ауылғакөгілдіротынтартылды, газбенқамтуүлесі 95,7 пайызғажетті. Бұл жетістіктер —  ортақ еңбектің нәтижесі.

Мемлекеттіңжан-жақтықолдаушаралары мен бағдарламалары аясында 2025 жылға жоспар көп.

Экономиканыдамытудыңбірден-бірбағыты— инвестиция саласында рельсті дәнекерлеу, битум, цемент өндіру зауыттары және тағы да басқа ірі жобалар іске асады. Бұдан бөлек диатомды шикізатты өндіру, алкогольсіз сусындар шығару, шыны өндіру сияқты жобалар—пысықталу сатысында.

Инвесторларға қолайлы жағдай жасау мақсатында Әлия Молдағұлова атындағы Халықаралық әуежай базасында жалпы ауданы 858 гектар болатын Арнайы экономикалық аймағын (АЭА) құру бойынша жұмыстар атқарылып жатыр. Аталған аймақта кемінде 1,2 трлн теңгеге 40-там астам жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Сондай-ақ Хромтау моноқаласында 400 млрд теңгеге 20 жобаны жүзеге асыруға арналған Индустриялық аймақ құру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялады. Бұл бастама жұмысшы мамандықтарды дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор маман болып қалыптасу идеясын насихаттауды көздейді.

Бізтехникалықжәнекәсіби білімге басымдық беріп, қарапайым жұмысшы мамандардың мәртебесін арттыруды көздейміз.

Жол саласында Ақтөбе-Қарабұтақ-Ұлғайсын тас жолының құрылысы жалғасады, «Қандыағаш – Ембі – Шалқар – Ырғыз» республикалық автожолының 110 шақырымы аяқталады. Ауыл және қала ішіндегі жолдарға асфальт төсеу тоқтамайды. Тұрғын үйлермен қатар, 25 жаңа мектеп салынады. Ауызсу және көгілдір отын тарту жұмыстары жалғасады. 27 ауылға интернет желісі тартылады.

Жылан жылы айтулы күндерге толы болмақ. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы мен Ата Заңымыздың 30 жылдығы, Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың, ақын Қуандық Шаңғытбаевтың 100 жылдығы сынды мерейтойлар аталып өтпек. Өткенімізді бағаласақ, бүгінін бағамдап, болашағын бағдарлай алатын ел боларымыз сөзсіз!

 

Ардақты ағайын!

Алдағы жыл ортақ істерімізді жалғастырып, өңірімізді одан әрі дамытуға жаңа серпін береді деп сенемін. Алға қойған мақсаттар орындалу үшін әр азаматтың қажырлы еңбегі мен табандылығы маңызды.

Жаңа 2025 жыл—нық қадам мен нәтижелі істер жылы болсын!

Әр шаңыраққа шаттық пен береке, табыс пен молшылық ала келсін.

Жаңа жыл құтты болсын!

 

Асхат ШАХАРОВ,

Ақтөбе облысының әкімі.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button