Ақтөбе облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы тағайындалды.
Ақтөбе облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы лауазымына Сұлтан Асқарұлы Аманчин тағайындалды.
Сұлтан Аманчин 1993 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Ұлты қазақ, білімі — жоғары. 2013 жылы Ақтөбе сәулет-құрылыс колледжін — сәулет, 2016 жылы Қазақ-орыс халықаралық университетін құрылыс мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2014 жылы «Ақтөбе геодезия орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жобалаушысы болып бастаған.
2015-2020 жылдары «Shanyrak-Aktobe» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, 2020-2023 жылдары Ақтөбе қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысының орынбасары, Ақтөбе қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысының орынбасары, осы бөлімнің басшысы қызметтерін атқарған.
2023 жылдың қараша айынан бастап Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары қызметінде болды.