Мереке

Жаңажылдық мереке

Облыс орталығындағы «Жаңа жыл — жаңа қадам, жаңа бақыт!» атты басты мерекелік іс-шара бас шырша орнатылған «Қазақ халқына мың алғыс» стеласы аумағында өтті.

Жаңажылдық тақырыпқа сай әдемі безендірілген сахнада ақтөбелік өнерпаздар өнер көрсетті. Анимациялық киім киген артистер театрландырылған қойылым сахналады. Күннің аязына қарамастан, қала тұрғындары мен қонақтары би билеп, ән шырқап, көңіл күйін көтерді.

Облыс әкімі Асхат Шахаров Жылан жылын асыға күткен ақтөбеліктермен бірге Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңажылдық құттықтауын үлкен LED-экраннан тамашалады.

Президент құттықтауынан соңмереке қатысушылары еліміздің Әнұранын шырқап, мерекелік отшашуды тамашалады.

Мерекелік кеш эстрада әншісі Төреғали Төрәлінің концертімен жалғасты.

Өз тілшіміз.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button