Жаңалықтар

Салық төлеуші мұқият болуы керек

Брифинг

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында камералдық бақылау бойынша рәсімделген хабарламаларды орындау тәртібі туралы айтылды.

Жиынға облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің бөлім басшылары Қайдар Шайзада мен Жансерік Қазбеков қатысты.

Камералдық бақылау тәуекелдерді басқару жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады. Камералдық бақылауды жүргізу тәртібі мен мерзімдері ҚР Салық кодексінде белгіленген.

Салық кодексінің 96-бабында көрсетілгендей, камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда олар тәуекел дәрежелері бойынша жоғары, орташа, төмен болып айқындалады. Мұндай жағдайларда анықталған бұзушылықтардың сипаттамасы және олардың тәуекел дәрежесі қоса беріле отырып, камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама рәсімделеді.

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындауға салық төлеушімұқият қарап, ол тапсырылған күннен кейiнгi, яғни келесі күннен бастап 30 жұмыс күні ішінде жүзеге асыруға тиіс.

А.САРЫБАЙ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button