Пікір

Әлеуметтік-экономикалық дамуға серпін береді

Әуез ТАЙЫМБЕТОВ,
«Ақтөбе» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының басшысы

«EGEMEN QAZAQSTAN» газетінде жарияланған ҚР Президентінің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Берік Уәлидің «Елдігімізді танытқан ерен жыл» атты мақаласында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың елімізді дамыту мен өркендету жолында жыл бойы атқарған қызметі жайлы толық мағлұмат берілген. Сондай-ақ еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі, әлеуметтік-экономикалық дамуындағы іргелі өзгерістер мен табыстар да айтылыпты.
Президенттің ел экономикасын дамыту бағытындағы реформалары өз жемісін берді деп үлкен сеніммен айта аламын. Өйткені биыл жыл басы 7 ақпанда өткен бәсекелестікті дамытуға, экономикаға мемлекеттің араласуын қысқартып, бизнес шығындарын азайту арқылы кәсіпкерлік еркіндікті қамтамасыз етуге бағытталған Үкіметтің кеңейтілген отырысымен басталды. Осыған сәйкес 10 мамырда «Экономиканы ырықтандыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды. Ал 2 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің таяу келешектегі экономикалық дамуының негізгі бағыт-бағдары айқындалды. Президент әр салаға инвестиция тарту мақсатында ірі инвесторларды шақырып, өзге елдермен түрлі салада ынтымақтастықты нығайтатын келісімдер жасады, келіссөздер жүргізді. Бүгінде Мемлекет басшысының экономиканың өңдеуші секторын дамыту арқылы еліміздің өнеркәсіптік негізін нығайту жөніндегі тапсырмалары лайықты деңгейде жүзеге асырылып жатыр.
Айта кету керек, биыл «Ақтөбе»әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы үшін де жемісті жыл болды. Оған себеп — жобалық жұмыстар бойынша ұзақ жылдан бері алғаш рет рекордтық көрсеткіш көрсетіп, қор көлемін 463,5 миллион теңгеге толықтырдық. Сондай-ақ 2024-2025 жылдардың жұмысы негізінде өңірлік экономиканы дамытуға және инвестициялар тартуға бағытталған 2025-2030 жылдарға арналған ұзақ мерзімді стратегия құрдық. Осы стратегия аясында жұмыс тиімділігін арттыру және компания ішіндегі процестерді оңтайландыру үшін автоматтандыруды енгізу, жарғылық капиталды толықтыру арқылы қаржы тарту, жасыл және әлеуметтік облигацияларды шығару арқылы ірі жобаларды жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз. Мемлекет басшысының бастамалары негізінде жүзеге асырылып жатқан осындай жұмыстар — өңір мен ел экономикасын дамытуға тың серпін береді деген сенімдемін.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button