Көпшілік атсалысқан игі іс
Алтынгүл ЕРМЕКБАЕВА,
С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының әдіскері.
Ел Президентінің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Берік Уәлидің «Елдігімізді танытқан ерен жыл» мақаласына байланысты кітапханашылар қауымының да айтары бар.
Ішкі-сыртқы саясат, экономикалық алыс-беріс, елдегі ахуал сөз болған мақалада Президенттің бастамасымен сәуір айында басталған жалпыұлттық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы туралы да жазылған. Қоғамда экологиялық мәдениет қалыптастыру көзделген акцияға 2,4 миллионға жуық адам қатысып, жүздеген мың аула мен аумақ тазартылып, 900 мың тоннадан аса қоқыс шығарылған. Шамамен 2,5 мил¬лион көшет егілген. 20 мыңнан аса әлеуметтік нысанның аумағы, 4,6 мыңнан аса қоғамдық орын, саябақтар, шағын бақтар абаттандырылды. Бұл істе мәдениет саласының қызметкерлері — кітапханашылардың да үлесі бар. Біз жыл бойы сенбіліктерге шығып, айналаны ғана емес, облыстағы көрікті жерлер, көпшілік жиналатын орындарды тазартуға барымызды салдық. Көктемде Орталық саябақта ағаш ектік.
Осы «Ақтөбе» газетінен «Таза Қазақстан» акциясына облыстың 418 мың тұрғыны қатысып, 106 мың аула, 1500 әлеуметтік нысан аумағы тазартылып, елді мекендерде 363 мың ағаш егілгені туралы деректі оқыдым. Бұл — көпшілікпен атқарылған игі іс.
Келер жылы да қоршаған ортаны таза ұстап, қай жағынан да алда болуға тырысайық.
Ақтөбе қаласы.