Ел сенімін арттырады
Нұрбол ТЫМПИЕВ, Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы.
Президент кеңесшісі Берік Уәлидің «EGEMEN QAZAQSTAN» газетіне шыққан «Елдігімізді танытқан ерен жыл» мақаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел басқарудағы тәжірибесі мен жауапкершілігі толық сипатталған. Еліміздегі тұрақтылықты сақтап, экономикалық дамуы және мемлекеттің жаңа кезеңге қадам басу жолындағы атқарылып жатқан жұмыстар айтылған. Әсіресе, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту, экономиканы жаңғырту бағытындағы реформалардың маңыздылығы сөз болған. Әрине, еліміздің дамуы жолында жасалып жатқан реформалар халықтың болашағына деген сенімін күшейтеді. Мәселен, Президент биыл еліміздің 11 өңіріне ресми сапармен барып, елдің тұрмыс-тіршілігін өз көзімен көрген. Аймақтардағы 60-тан аса өндірістік, мәдени нысандармен танысқан. Оның ішінде су тасқыны болған аумақтарға барып, халықтың ортасында болып, талап-тілегін тыңдады. Тасқын судан зардап шеккен, мал-мүлкінен айырылған отбасылардың ешқайсысы елеусіз қалған жоқ. Барлығына мемлекет тарапынан көмек берілді.
Жалпы Мемлекет басшысының халыққа жақын болуы елдің болашаққа деген сенімін нығайтады.