Жаңалықтар

Мұз үстінде балық аулау қауіпті

Брифинг

Қыс мезгілінде облыстық төтенше жағдайлар департаментінің суда құтқару қызметі күшейтілген режимде жұмыс істейді. Себебі мұз үстінде балық аулаушылар қатары көбейеді. 

Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында аталған департаменттің азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері Жанболат Төлепбергенов мұз үстінде балық аулаушылар қауіпсіздік талаптарын сақтамаса, соңы қайғылы жағдаймен аяқталатынын айтты. Ол бұл бағытта жүргізіліп жатқан профилактикалық жұмыстарға да тоқталды. Биыл қыркүйектен бері 1408 рейд жүргізіліп, оған 2118 адам қатысқан. Үгіт-насихат жұмыстары барысында 2395 жадынама мен парақша, нұсқама таратылыпты.

Спикер өз сөзінде мұз үстінде балық аулау кезіндегі қауіпсіздік шараларына да тоқталды. Оның айтуынша, мұз үстіне түнгі уақытта және көзге дұрыс көрінбейтін кезде шығуға рұқсат етілмейді. Егер қауіпсіздік ережелері сақталса, жұқа мұзда да  оқиғаларды болдырмауға болады.

А.ҚЫДЫРБАЙҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button