Жаңалықтар

Нұсқама беріліп, дәріс оқылды

Өрт қауіпсіздігі

Биыл аймақта 11 айда 512 өрт оқиғасы тіркелді.Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,2 пайызға көп.

Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте облыстық төтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Евгений Овчарскийдің мәлімдеуінше, өрт салдарынан 13 адам көз жұмып, 12 адам жарақат алған. Материалдық шығын көлемі — 280 млн 122 мың теңге.

Тұрғындардың өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамауы — тұрғын үй секторында болатын өрттің басты себебі. Барлық өрт жағдайының 85 пайызы адамдардың салғырттығынан болады, — деді Е.Овчарский.

Төтенше жағдайлар департаменті мамандары жаңажылдық іс-шараларды өткізуге 668 нысан есепке алынғанын айтады. Мерекелік іс-шаралар өткізілетін орындарға профилактикалық тексеру жүргізілген. Тексеріс қорытындысындаөрт қауіпсіздігі талаптарын бұзған 450  дерек анықталып, кемшіліктерсол жерде жойылған. Мамандар мерекелік іс-шаралар өтетін объектілерде барлығы бес мыңнан аса адамды қамтып, оларға өрт қауіпсіздігіне қатысты нұсқама таратып, дәріс оқыған.

Брифингте спикер аймақта өрттің алдын алу және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан іс-шаралар жайында баяндап, журналистердің сауалдарына жауап берді.

Арайлым НҰРБАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button