Мереке

Әнұран орындаудан челлендж өтті

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің студенттері мерекеде еліміздің Әнұранын орындады.

Тәуелсіздік күні мерекесінде белсенді жастар патриоттық челлендж ұйымдастырып, еліміздің Гимнін ерекше құлшыныспен шырқады. Қолдарына жалаушалар ұстаған студенттер өз сөздерінде отансүйгіштігін білдіріп, олар Отанын мақтан тұтатынын көрсетті. Бұл салтанатты серпін жастардың бірлігін әрі өскелең ұрпақ үшін олардың бойына патриоттық сезім ұялатуға бағытталды.
— Әнұранды орындау — бұл жай ғана музыкалық сәт емес, ол бірліктің, ұлттық бастауларға, мәдениетке, дәстүрлерге құрмет көрсетудің көрінісі. Біз жастардың еліміздің басты әнін шынайы ынта-жігермен орындайтынын көрдік. Бұл біздің болашағымызға деген сенімділікті оятады. Мұндай оқиғалар ұлттық құндылықтарымыздың маңыздылығын арттыра түседі, — деген оқу орнының жастар ісі комитетінің төрағасы Марат Арғын Әнұранды орындаудан кейінгі әсерлерімен бөлісті.
Іс-шараға қатысушылар Гимнді орындағаннан соң эстафетаны Шығыс Қазақстан облысына тапсырды. Бұл акция жастардың патриотизмі мен азаматтық белсенділігінің жарқын үлгісі болды.

Арайлым НҰРБАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button