Тәуелсіздік — ел мұраты
Алтынбек ӘМІРҒАЛИЕВ,
Ақтөбе облыстық
кәсіподақтар орталығының
төрағасы
Тәуелсіздік – Мәңгілік Елдің мызғымас тұғыры, жасампаздықтың күретамыры, ел мен халықтың басты байлығы. Тәуелсіздік таңы атқанша ел тарихында қаншама женкешті оқиғалар болды… Сондықтан бұл күн — өткеннен тағылым алып, келешекке байыпты қадам жасайтын маңызды күн дер едім.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнімен шын жүректен құттықтай отырып, еліміздің кемел келешегін нығайту жолындағы еңбектеріңізге табыс, мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке тілеймін!
Әр саладағы жаңашыл бастамалар мен игілікті істердің бәрі – берекелі бірлігіміздің арқасында жеткен жетістіктеріміз. Алдағы уақытта да талай іргелі істердің куәсі болатынымызға сенімдіміз. Тәуелсіздігіміздің тұғыры берік, мемлекетіміздің мерейі үстем болсын!