Адал азамат —Адал еңбек

Адал еңбектің жемісі

Жұмысшы мамандықтары жылы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында кәсіптік білім беру саласына реформа жасау өзекті мәселе екенін айтып, 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады.

Бүгінде елімізде жұмысшы мамандар даярлайтын білім ордалары аз емес. Солардың бірі —  іргетасы 1947 жылы қаланған Ақтөбе құрылыс-техникалық колледжі.

«Адал еңбекпен мал іздемек —  арлы адамның ісі» деп дана Абай айтқандай, расында еңбек адамды адалдық, табандылық, жауапкершілік сияқты қасиеттерге баулып, игілікке жеткізеді.Бүгінгі әңгімеміздің кейіпкері — табысын адал еңбекпен тауып жүрген колледждіңөндірістік оқыту шеберіҚанат Апетов. Ол жастарды еңбекке, заманауи сұраныстарға сай болуға тәрбиелеп жүрген өз ісінің шебері.Кәсіби деңгейін үнемі жетілдіріп отыратын жоғары  біліктілік санатты арнайы пән оқытушысы сабақтарында жаңа инновациялық технологияларды тиімді пайдаланып, тынымсыз ізденеді, сабағында түрлі әдіс-тәсілді қолданады. Оқытудың жаңа технологиясын пайдалана отырып, кәсіби дайындығы мол, бәсекеге қабілетті мамандар даярлау ісінде ізденіспен жұмыс жасауы өз нәтижесін беріп отыр. Жұмысшы мамандығының мәртебесін арттыру және дәріптеу мақсатында жыл сайын өтетін «Worldskills Kazakhstan» кәсіби аумақтық чемпионатында «Дәнекерлеу технологиясы» құзыреттілігі бойынша шәкірттері үздік нәтижелер көрсетіп, жүлделі І, ІІ орындарды иеленіп жүр.

 М.ҚҰРМАНОВА, колледж директорының  

оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button