Пікір

Қиын сәтте мемлекет қамқорлығын сезінді

Жеткерген ҚАБЫЛ,
Ақтөбе қаласының Алматы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы:

— Еліміздің басты байлығы — адам. Ең бірінші халыққа, қарапайым адамдарға жағдай жасалуы керек. Өткен көктемде облыста су тасқыны болып, көптеген отбасы баспанасыз қалды. Оның ішінде біздің Ақтөбе қаласының тұрғындары да бар. Баспанасыз қалған тұрғындар оқу орындарының ғимараттарына уақытша орналастырылды. Оларды аралап, жағдайын көріп, арыз-мұңын тыңдағандардың қатарында мен де болдым. Әрине, өте қатты қиналды, тіпті мемлекеттің көмегімен баспаналы боласыздар дегенге сенбегендер де болды. Техникалық тексеру қорытындылары бойынша өңірде 1013 үй апатты деп танылды. Оның ішінде 500 отбасына ірі бизнес өкілдерінің қаражаты есебінен үй салынды, тағы да 513 отбасына дайын баспана сатып алынды. Су тасқынынан зардап шеккендердің алды тамыз айынан бастап жаңа баспананың кілтін қолына ұстады. Сол кездегі қуаныштарын айтып жеткізу мүмкін емес. Бәрі де мемлекеттің қамқорлығын сезінді, риза болды. Қиын сәтте жерлестеріміз қолдаусыз қалған жоқ. Мен осыған қуандым. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша осы істердің басы-қасында жүріп, халықтың уақытында баспаналы болуына атсалысқан азаматтардың, соның ішінде әкімі Асхат Шахаровтың күш-жігеріне куә болдық.
Сонымен қатар облыста атқарылып жатқан істердің арасында, әсіресе автокөлік жолдарының салынуына ерекше назар аударғым келеді. Биыл нормативтік жағдайдағы жергілікті маңызы бар жолдардың үлесі 78 пайызға жеткен. Республикалық маңызы бар Ақтөбе — Қандыағаш автожолы құрылысының аяқталуы көпшілікті қуантты. Ал Ақтөбе қаласының көшелеріндегі жұмыстар халықтың көз алдында атқарылып жатыр. 200-ден астам көшені нормативтік жағдайға келтіру үлкен іс деп ойлаймын. Алда да осы жұмыстар жалғасын таба берсе дейміз, өйткені жол мәселесі — халықтың көкейіндегі ең өзекті мәселелердің бірі.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button