Ағымдағы жылдың 11 айында Ақтөбе облысының тұрғындарына Қордан 46,3 млрд. теңге төленді
Күзеуов Нұрлан Сәрсенұлы.
Ақтөбе облысы бойынша «Мемлекеттік
әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ филиалының директоры.
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры (Қор) 2005 жылдан бастап белгілі бір әлеуметтік тәуекелдер туындаған кезде жұмыс істейтін азаматтарды әлеуметтік қамсыздандырудың қосымша деңгейін іске асырады.
Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қаржы ресурстары төлеушілердің, яғни жұмыс берушілердің жұмыскерлер үшін, сондай-ақ жеке кәсіпкерлер мен жеке практикамен айналысатын адамдардың өздері үшін Қорға төлейтін әлеуметтік аударымдары есебінен қалыптастырылады. Бұл ретте, әлеуметтік аударымдар жұмыскерлердің жалақысынан ұсталынбайды, ол жұмыс берушілердің қаражаты есебінен төленеді.
Осылайша, міндетті әлеуметтік сақтандыруда жұмыс берушінің жауапкершілігі іске асырылады.
2025 жылдан бастап жүйеге салық агенттерімен жасалған, нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар (бұдан әрі – АҚС шарты) бойынша табыс алатын жеке тұлғалар кіреді.
АҚС шарттары бойынша табыс алатын жеке тұлғалар үшін әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі олардың алатын табысы болып табылады, ал әлеуметтік аударымдарды төлеушілер – АҚС шарты жасалған салық агенттері болып табылады.
Әлеуметтік аударымдардың мөлшерлемесі 2025 жылдан бастап 5% құрайтын болады. Бұл ретте, салық заңнамасына сәйкес, салық төлеушілер әлеуметтік салықтың есептелген сомасын Қорға төленген әлеуметтік аударымдар сомасына азайтады.
Әлеуметтік кодекске сәйкес, бір төлеушіден әлеуметтік аударымдарды есептеудің ай сайынғы объектісі республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі жалақының (бұдан әрі – ЕТЖ) 7 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс. Егер бір төлеушіден күнтізбелік ай үшін әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі 1 ЕТЖ-дан аз болса, онда әлеуметтік аударымдар 1 ЕТЖ негізге алына отырып төленеді.
Осыған байланысты әлеуметтік аударымдардың ең төменгі мөлшері 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 4 250 теңгені (85 000 теңге * 5%), ал ең жоғары мөлшері – 29 750 теңгені ((7 * 85 000 теңге) * 5%) құрайтын болады.
Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне Ақтөбе облысынан314мыңға жуық жұмыс істейтін азаматтар қатысады және жыл сайын өңірде 73 мыңнан аса адам Қордан әлеуметтік төлемдер алады.
Жүйе Қордан тағайындалатын екі ұзақ мерзімді әлеуметтік төлемдерді қарастырады – жұмыскер жалпы еңбек ету қабілетінен айырылған кезде, сондай-ақ ол қайтыс болған жағдайда оның отбасымүшелері асыраушысынан айырылу жағдайына әлеуметтік төлем алады. Бұл төлемдер бюджет қаражаты есебінен мүгедектігі,асыраушысынан айырылу бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларға қосымша жүзеге асырылады. Ұзақ мерзімді әлеуметтік төлемдер жыл сайын Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде индекстелетінін атап өту қажет. 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап аталған төлемдер 6,5%-ға арттырылатын болады. Ақтөбе облысы бойынша еңбекке қабілеттіліктенайырылған 3 921адамға және асыраушысынан айырылған 3 706отбасыға әлеуметтік төлемдер автоматтандырылған режимде көтеріледі.
2024 жылдың 11 айында Ақтөбе облысында 4 842 адам еңбекке қабілеттілігінен айырылуы жағдайына жалпы сомасы 1,9 млрд. теңге, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша 4 111 отбасы 1,9 млрд. теңге сомасына әлеуметтік төлемдер алды.
Келесі екі әлеуметтік төлем ана мен балаға байланысты. Мәселен, жұмыс істейтін әйел жүктілікке және босануға, сондай-ақ бір жарым жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлемдер алады.
2024 жылдың 11 айында Ақтөбе облысындағы 11 158 болашақ ана жүктілікке және босануға байланысты жалпы сомасы 17,4млрд. теңгеге, сондай-ақ бала күтіміне байланысты 34 333 адам жалпы сомасы 19,2 млрд. теңгеге әлеуметтік төлемдер алды.
Жүйеге қатысушы үшін маңызды қолдау – бұл жұмысынан айырылу себептеріне қарамастан, Мансап орталығы оны жұмыссыз ретінде тіркеген жағдайда тағайындалатын жұмысынан айырылуы бойынша әлеуметтік төлем. Ақтөбе облысында 2024 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша 18 947 адам жалпы сомасы 5,9 млрд. теңгеге көрсетілген төлемді алды.
Осылайша, 2024 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша Ақтөбе облысының тұрғындары үшін Қордан 46,3 млрд.теңгеден астам сомаға әлеуметтік төлемдер төленді.
Әлеуметтік тәуекелдер туындаған кезде әлеуметтік төлемдердің мөлшері жеке есептеледі және әлеуметтік аударымдардың Қорға уақтылы және толық төленуіне тікелей байланысты екенін айта кету керек. Осыған байланысты, жұмыс істейтін азаматтар үшін Қорға нақты түскен әлеуметтік аударымдардың сомасын тұрақты негізде тексеріп отыру маңызды. Бұл, бүгінгі таңда egov.kz электронды үкімет порталы немесе екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары арқылы онлайн режимінде, сондай-ақ «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының (ХҚКО) бөлімшелері немесе Қордың филиалдары арқылы офлайн режимде қолжетімді.
Жалпы Қордың негізгі міндеті әлеуметтік тәуекелдер туындаған кезде әлеуметтік төлемдердің тиісті мөлшерін алу мақсатында халықты жұмыспен қамтуды ынталандыру, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру болып табылады.