Адал азамат —Адал еңбек

Еңбектің биік белесі

Жұмысшы мамандықтар жылы

«..Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек. Бұл біз ұсынып отырған «Адал азамат — Адал еңбек — Адал табыс» қағидатына толық сай келеді. Бір сөзбен айтқанда, біздің қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануға тиіс. Өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады…».

 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ.

Әбілқайыр Сотқаров отыз жылдан бері Ақтөбе ферроқорытпа зауытында еңбек етеді. Мөлшерлеуші, балқытушы сияқты қарапайым жұмыстан басталған оның еңбек жолы көпке үлгі. Бүгінде республика деңгейінде металлургия саласы бойынша «Үздік тәлімгер» атанған кейіпкерімізді аз-маз сөзге тартқан едік.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Ақтөбе ферроқорытпазауытына жас маман ретінде жұмысқа келген Әбілқайыр Сотқаров әуелі мұндағы біріншібалқытуцехындамөлшерлеуші, алты айдан кейін осы цехта ферроқорытпабалқытушы,кейін№3 тәжірибелік-өнеркәсіптікцехтаөндірістікшеберболды.

1997жылыбұл цехжоғары көміртектіферрохромөндіруменайналысты.Хромөтетаза болды— 99,9 пайыз.2006жылы№3тәжірибелік-өнеркәсіптік цехта феррохромнанбасқасұйықшыныданкірпіштершығарылды,сондай-ақ ферротитанөндіруүшінәртүрлітәжірибелержүргізілді. Стандарттыферротитан, жоғары пайыздық титан,рутильді ильменитконцентраттықожөндірісіндеөнеркәсіптіктәжірибелержүргізілебастады.Ширекғасыр ішінде ӘбілқайырСотқаров жасмаманнанцехбасшысынадейінгі жолданөтті.

Әр адамның өз ұстанымы болады. Жастайымнан техника, технологияға жақын болдым. Мектепте математика, физика, химия сияқты пәндерді оқуға қызығушылығым жоғары болды. Металлургия саласы бойынша жоғары білім алып, 1993 жылы жас маман ретінде Ақтөбе ферроқорытпа зауытындаеңбек жолымды бастадым. Бүгінде алғашқы ұстаздарымның бірі, зауыт директоры болған Наум Эпштейн сияқты өндірістік орынның өзге де басшыларының ізін өзімізге үлгі етіп келеміз, — дейді кейіпкеріміз Әбілқайыр Сотқаров.

2008жылыол жоғары көміртекті феррохромөндіретін еліміздегі алғашқыбалқытуцехын басқарды.Ал 2009жылдыңкүзінде№2балқытуцехыныңбасшысы болды. Бұл жерде оның бригадасы легирленгенарнайыболаттарғаарналғантазартылғанферрохромөндірісімен айналысты. Оныңбасшылығыменбұл цехеңбекөнімділігі мен өндіріс мәдениетінарттыру, өнімніңөзіндік құнын төмендету, жұмысшылардыңденсаулығыннығайту,сондай-ақ әрбіржұмысшының зауытөмірінедеген қызығушылығынарттыру бойынша «Үздікцех»зауытішілікжарысындажетіретжеңімпаз атанды.Үздікбригада,учаске,цех,зертхана,басқада құрылымдықбөлімшеноминациясы бойынша өткен республикалыққоғамдықеңбекқауіпсіздігіжәне еңбекті қорғау байқауында да бірнеше рет жеңіске жетті.

Біз еңбек адамын, еңбек мамандықтарын көп насихаттауымыз керек. Осы бағытта «Қазхром» компаниясының ықпалымен  өзім еңбек ететін кәсіпорында, мектеп, жоғары оқу орындарында көптеген іс-шаралар өткізіліп жүр. Мақсатымыз — жастармен кездесу, оларды мамандық таңдауға бағыттау, жұмысшы мамандықтарды, еңбек адамының қоғамдағы рөлін насихаттау. Сондай-ақ қазір зауытта туристік маршрут өткізіліп жатыр. Бұл іс-шара барысында қала тұрғындары мен қонақтарын, студенттерді зауыттың тыныс-тіршілігімен, мұнда шығарылатын өніммен таныстырып, мамандармен кездестіреміз. Біз оларға кәсіпорынға балқытушы, мөлшерлеуші, шлактаушы, кран машинисі, дәнекерлеуші, газэлектр дәнекерлеуші, электрик, слесарь сияқты мамандықтардың ауадай қажет екенін айтамыз. Осы салада еңбек етіп жатқан жұмысшылармен кездестіру, өндірістің мәдениетін ұғындыру да басты мақсатымыз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында келер жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялағаны белгілі. Бұл — үлкен бастама. Себебі соңғы уақытта еңбек адамдарын, жұмысшы мамандықтарды насихаттау, үгіттеу жағы төмендеп кетті. Расын айтуымыз керек, қазіргі жастар табысы жоғары жұмыстарда еңбек еткісі келеді. Алайда жұмысшы мамандықтарды жақсы игеріп, өз міндетін кәсіби тұрғыда орындай білетін  маман қашанда сұранысқа ие, — дейді Ақтөбе ферроқорытпа зауытының бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы болып еңбек ететін Әбілқайыр Сотқаров.

Металлургия саласында өзін сауатты,адалжұмысшы әрі командада жұмыс істеуқабілетіншеберкөрсете білген Әбілқайыр Сотқаров бүгінде өзіне жүктелген бұл міндетті де кәсібидеңгейдеасқанжауапкершілікпен орындауға тырысады.

Зауытта цех басшысы негізгі күш-жігердіөндірістікпроцестерді одан әрі автоматтандыруға, ақаудың алдын алуға, шикізатпен электр энергиясын үнемдеуге бағыттай отырып, өндірісті ұйымдастыруды және оның технологиясын жетілдіру жөніндегі іс-шараларды басқарады.Шеберлердің, ауысым басшыларының және цех қызметтерінің жұмысын шебер үйлестіре білуі қажет.Қарамағындағылармен бірлесіп, цехтың перспективалық дамуына, өндіріс технологиясын жаңғыртуға қатысты ұсыныстарды әзірлейді және бөлім басшылығының қарауына уақытылы ұсынып отырады. Бұл орайда Әбілқайыр Сотқаров — жиырмадан астам рационализаторлық ұсыныстардың авторы. Олардың көпшілігі өндіріске енгізіліпті.

Еңбек жолымды зауытта жұмысшы маман ретінде бастаған жылдардан бері көкейге көп нәрсені түйдім. Қазіросындай жетістікке жеткенім сол жылдары еткен еңбек пен төккен маңдай тер үшін берілген үлкен жолдама деп білемін. Қазір жаңалыққа құмар, қолынан іс келетін, жақсылықты үйренуге тырысатын жастарымыз көп. Соның ішінде металлургия саласында жұмыс істеп жатқан жастарға қарап, риза боласың. Қазіргі күні зауытта жастар кеңесі бар. Олар кәсіпорындағы барлық бағдарламаға атсалысып, зауыт жастары арасындағы түйіткілді мәселелерді кәсіпорын басшылығы мен кәсіподақ ұйымы арқылы бірлесіп шешіп отыр. Жастар кеңесінің жеке бағдарламасы да бар. Мақсат — жастарды еңбекке баулып, болашағына бағыт-бағдар беру, — деді кейіпкеріміз.

Арайлым НҰРБАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button