Пікір

Ауыл медицинасы дамиды

Жексенби КӨПТІЛЕУОВ,
«Ақтөбе медициналық орталығы» кәсіподақ ұйымының төрағасы.

Өткен аптада облыс әкімі Асхат Шахаров жылды қорытындылап, есеп берді. Ұзақ жыл денсаулық сақтау саласында еңбек еткендіктен, осы салада атқарылып жатқан жұмыстарға баса назар аудардым. Өңірде қолға алынған оң істер өте көп екен. Әсіресе ауыл медицинасын көтеруге қатысты жобаларды естіп, қуанып қалдым. Мәселен, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 29 жоба іске асырылыпты. Ауылдық жерлерде заманауи 11 медициналық нысан пайдалануға берілген. Оның ішінде Алға ауданындағы Тоқмансай және Қарабұлақ ауылдарында, Мәртөк ауданында — Аққайың, Байторысайда, Темір ауданы — Алтықарасу, Ақсайда, Мұғалжар ауданында — Бірлік, Қожасай, Сағада, Шалқар ауданында Қаратоғай ауылында медициналық бекеттер ашылған. Жылдың соңына дейін тағы алты жоба жүзеге асады екен. Бұдан басқа жеке инвестициялар есебінен еліміздің батыс өңірлерін толығымен қамтитын ірі жоба — ядролық медицина орталығы «Orhun Med Limited» клиникасының құрылысы жүзеге асырылып жатыр екен. Осындай оң істерді естіп, қуанып қалдым. Облыстың денсаулық сақтау саласының дамығаны халық денсаулығын жақсартуда үлкен жетістік болмақ.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button