Денсаулық

Алға ауданының Қарабұлақ және Тоқмансай ауылдарында медициналық пункттер ашылды

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында жаңа нысандар салынды.

Қарабұлақ ауылындағы медициналық пункттің заманауи ғимаратында 340 ауыл тұрғынына қызмет көрсетіледі. Мұнда медбике, санитар және күзетші жұмыс істейді. Нысан күніне 25 келушіге арналған. Медициналық мекемеде қабылдау бөлімі, ем қабылдау, егу, сүзгі және терапия бөлмелері ұйымдастырылған.

«Мен зейнеткерлікке шыққанға дейін осы ауылда медбике болып жұмыс істедім.  Қазір 70 жастамын. Бүгін жаңа медициналық пункттің ашылғанына куә болғаныма өте қуаныштымын. Мен әрқашан жас мамандарға көмектесуге тырысамын. Оларға мұнда пациенттерді қабылдауға ыңғайлы. Біздің Қарабұлақта егде жастағы тұрғындар көп. Олардың денсаулығы жастардың қолында», – деді Дариға Аметова.

Ал Тоқмансай ауылында медициналық пункттің құрылыс жұмыстары 2024 жылдың мамыр айында басталды. Бір қабатты ғимаратта 3 қызметкер жұмыс істейді. Медициналық мекемеде күніне 25 келушіге 300 ауыл тұрғынына қызмет көрсетіледі.

А.ІЛИЯС.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button