Тағзым

 Өлмейтұғын артына сөз қалдырған

Сақтаған Бәйішевтің туғанына 125 жыл

Ақтөбе топырағынан көптеген танымал қоғам қайраткерлері, белгілі ғалымдар шыққаны баршамызға мәлім. Солардың бірі — Қазақстан Ғылым Академиясының академигі, экономика ғылымдарының докторы, профессор, Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықтың лауреаты Сақтаған Бәйішев.

Ол 1909 жылы 1 қазанда Байғанин ауданының Ақжар ауылында кедей шаруаның отбасында дүниеге келген. Әкесі Бәйіш баласының білімге деген құштарлығын, зеректігін жастайынан байқап, оны ауыл мектебіне, кейін Темір қаласындағы жеті жылдық оқуорнына береді.

Бала Сақтаған қоғамдық жұмыстармен ерте айналыса бастайды. Ол өзінің саяси сауатын оқулықтан емес, бай-кулактармен, олардың жағымпаздық сыбайластарымен кескілескен, ымырасыз күрестерде ашып, идеялық жағынан шыңдала түседі.

ХХ ғасырдың екінші жартысында ол қоғамдық жолдамамен Қазақстан түсті металлургиясының тұңғышы — Қарағандыдағы Қарсақбай мыс балқыту зауытына барады. Қарсақбай, Арыс, Түркістан, Шымкент қалаларының қоғамдық, сайлау органдарында бірнеше жыл бойы жұмыс істегеннен кейін Алматыдағы білім жетілдіру институтына жолдама алады. 1937 жылы осы оқу орнын үздік бітіріп, содан кейінқоғамдық, ғылыми-зерттеу және журналистік жұмыстармен айналыса бастайды.

1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталған кезде Сақтаған Бәйішев өз өтінішімен майданға аттанады. Жорық жолын Берлинде жеңіспен аяқтап, елге аман-есен оралады.

Сақтаған Бәйішевтің ғалым ретіндеқалыптасуы Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдары басталған болатын. Ол 1948 жылы кандидаттық диссертациясын сәтті қорғайды. 1949 жылы «Қазақстанды индустияландыру» атты алғашқы ғылыми еңбегі жарық көреді. Осы уақыттан бастап ол өз еңбегін Қазақстан тарихы мен экономикасының өзекті проблемаларын зерттеуге арнайды.

С.Бәйішев республика жұртшылығына кеңінен танымал «Қазақ КСР тарихы», «Қазақстан Компартиясы тарихының өзекті очерктері» сияқты шығармалардың кейбір тарауларын жазады.

Еліміздіңегемендігін, халқымыздың зияткерлік деңгейін көтеруге осындай іс-қимылдардың өте тиімді екенінкүнделікті өмір көрсетіп отыр. Ол К.Маркстің «Капиталын», «Ресейдегі капитализмнің дамуы» атты және басқа да ғылыми еңбектерінтұңғыш рет қазақ тіліне аударады. Мұның өзі республиканың қоғамдық-саяси және ғылыми өміріндегі маңызды оқиға болған-ды.

1956 жылы С.Бәйішев Қазақстан Ғылым Академиясының толық мүшесі және осы академияның вице-президенті болыпсайланады. Содан былайғы жерде оның бүкіл өмірі мен қызметі елімізде академиялықғылымның дамуымен біте қайнасады.

С.Бәйішев үлкен қабілеттілік танытып, экономика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесіналу үшін 1962 жылы диссертация қорғайды. Елеулі еңбегі үшін оған сол жылдары «Ғылым қайраткері», «Экономикалық теория профессоры» атақтары беріледі.

Ғалым жалпы алғанда 140-тан аса ғылыми еңбек, оның ішінде 7 монография жариялайды. Бұдан басқа оның 160-қажуық насихаттық, консультациялық, публицистік сипаттағы мақалалары газеттер мен журналдарда жарық көреді. Ол өз еңбектерінде Қазақстанның индустриялы-аграрлық аймақтардың біріне айналғанын жан-жақты, объективті түрде көрсете білді.

Осы болып жатқан өзгерістердің бәрінен академик Сақтаған Бәйішевтің туған жері Ақтөбе өңірінен көруге болады. Қазан төңкерісіне дейін Ақтөбе жері (бұрынғы Торғай) халқы аз, өнеркәсібі жоқ, жері игерілмеген бос дала болатын. Халқының бір пайыздан азықолөнер, ұсталық жұмыспен шұғылданатын, үштен бірі көшпелі өмір сүретін-ді.

Қазіргі уақытта Ақтөбе облысы республикалықеңбек бөлісінде өнеркәсібі кен-металлургия, химия және мұнай-газ кешеніне негізделген ірі аумаққа айналды. Академик С.Бәйішев үлкен мемлекеттікқызметте жүрсе де, өзі туып-өскен жерінің өзекті проблемаларын әрдайым есінен шығарған емес. Академикөз еңбектерінде Ақтөбе облысының өндіріс әлеуетін дамытуқажеттігін,әсіресе Темір және Байғанин аудандарында мұнай мен газға геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуді ұлғайтуын, Шилісай кенорындарында фосфор қазудың көбеюін және ірі кен-байыту комбинатынсалуының шығынын атап көрсеткен болатын. Осы проблемаларға қатысты академик С.Бәйішев Ақтөбеде арнайы ғылыми конференция жүргізу туралы ұсыныс берген-ді, ол конференция 1982 жылы өткізілді.

Сонымен қатар ол Ақтөбеде кіші қалалардың дамуына да көп көңіл қойған болатын. Академик С.Бәйішевтіәсіресе ескі Темір қаласының тағдыры толғандыратын. Себебі бұл қала өзінің қалалықмәртебесін 1900 жылы алып, 1960 жылдың ортасына дейін 10.000 тұрғыны бар Ақтөбе облысының экономикалық және мәдени орталықтарының бірі болып келді.

Темір ауданының орталығын басқа жерге аударғандықтан, ескі қала өзінің бұрынғы халықшаруашылықмәртебесін жоғалтып,совхоз-техникумыныңорталығы болыпқалды. Сондықтан С.Бәйішев өзінің еңбектерінде Темір қаласының ежелгі маңызын қалыптастыруын және оданәрі дамытуын дәлелдеп отырды. Оның себебі, бұл жерлерде мұнай кәсіпорындарын игеру үшін жергілікті тамақ өнеркәсібі, көлік кәсіпорны, халыққа қызмет көрсетуге қолайлы инфрақұрылымдық объектілер барын академик С.Бәйішев бірнеше рет айтқан болатын. Сонымен бірге Ақтөбе облысының Ырғыз, Ойыл секілді қала типтеспоселкелерінің де жан-жақты дамуын дұрыс болжады. Академиктің айтқан ойлары осы күнге дейін өзініңөзектілігін жойған жоқ, оны қазіргі уақыт көрсетіп отыр.

Қазақстанда экономика ғылымын дамытуға, бұл саладағылыми кадрлар даярлауға оның сіңірген еңбегі өте зор. Мұның өзі әсіресе С.Бәйішевтің Ғылым академиясының вице-президенті міндетін атқаруымен қоса, бірнеше жыл бойы Қазақстан Республикасының Ғылым академиясының экономика институтын басқарған кезінде жарқын көрініс тапты. Сол жылдары оныңтікелей басшылығымен еліміздің Ғылым академиясы жүйесінде қазақстандыққоғамтанушылардыңөзіндік бағыт-бағдарламасы қалыптасқан еді. Әсіресе 60- жылдары республикамыздағы экономика ғылымыныңдамуы көп ретте С.Бәйішевтің мақсатты, тәжірибелі еңбегінің арқасында мүмкін болды. Бұл жылдары экономика институтының халық шаруашылығына ғылыми кадрлар дайындау үрдісі қарқын алған болатын.

1970 жылдан 1980 жылға дейінгі кезеңдеҚазақстан Республикасының өндіргіш күштерін орналастыру, еліміздің еңбек ресурстарын зерттеу, олардықоғамдықөндірістетиімді пайдалану, республикамыздың экономикалықтарихы және болашағы сияқты ірі ғылыми бағыттарды тұжырымдауға басшылық жасады.

Академик С.Бәйішев сонымен қатар қамқор ұстаз да бола білді. Ол көп жылдар бойы С.М.Киров атындағы ҚазМУ (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлтық университеті) және Алматы халық шаруашылығы институтында (қазіргі университет) экономикалық теория пәнінен дәріс оқыды және оны ғылыммен, оқу-педагогикалық жұмыстармен ұштастыра білді. С.Бәйішевтің тікелей ғылыми жетекшілігімен тарих және экономика саласынан ғалымдар тәрбиеленіп шықты.Олардың ішінен 30 адам білікті ғалым, ғылым докторлары атанды.Бүгінгі күні ғылымды піртұтқан С.Бәйішевтің ғылыми мектебі бар деп мақтанышпен ұрпақтан-ұрпаққа жеткізе аламыз. Ақтөбе жерінде академик С.Бәйішевтің шәкірттері Е.Қ.Бекқалиев пен Ү.Е.Мәмбетов ғылыми-педагогикалықбағытта жұмысістеді.

Өмірден де,ғылымнан да өзініңлайықты орнын тапқан С.Бәйішевтің адал еңбегі Үкімет тарапынан елеусіз қалған жоқ, ол бірнеше рет марапатқа ие болды.Ол «Ұлы Қазан революциясы», «Құрмет белгісі», «I дәрежелі Отан соғысы» ордендерімен, көптеген медальдармен марапатталды.Отыз жылдан аса Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің мүшесі, осынша уақыт Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты, бір сайлау кезеңінде Қазақ ССР Жоғары Кеңесініңтөрағасы, Қазақстан Компартиясының II-XII съездеріне делегат болды.Жоғарыда атап өтілген кұрметті атақтар елімізде нағыз экономикалық терең ойларды зерттейтін, насихаттайтын ғылымдардың еңбектеріелеусіз қалмайтынын, олармен санасып отыруға бетбұрыс бар екенін танытады. Әрине, ақылды азаматтардың сөзіне құлаққойған елдің болашағы бар демекпін.

С.Бәйішев ғылымда, қоғамдықөмірде ғана емес, сонымен қатар жеке тұрмысында да өзгелерге үлгі-өнеге бола білген жан. Ол өзініңсүттей ұйыған отбасында екі ұлын ұяға қондырған қамқор әке, немерелеріне ақсақалды ата бола білді.

Академик С.Бәйішевтің қасиетті есімін еске алғанда, өткен дәуіріміздің ұлы дандышпаны К.Маркстің сөзі есімізге түседі: «Ғылымда даңғылжолжоқ, кімде-кімжалықпастан ғылымның тастысоқпақтарынатүсіптырмысса, тексондайадам ғана ғылымның сәулелішыңынажетеалады».

Бұл сөз академик С.Бәйішев сияқты еңбекке деген ғажайып қабілетті, көздеген мақсатына жетуге табандылығы мықты адамдарға тән демекпін.С.Бәйішевті белгілі ағылшын экономисі, «Халықтар байлығы» еңбегінің  авторы Адам Смитпен салыстыруға болады, себебі ол Қазақстанда экономикалық ойды жоғары деңгейде дамытуға еңбек сіңірген қазақ халқының жарық жұлдыздарыныңбірі болып табылады.

Сақтаған Бәйішев 1982 жылы маусым айында дүние салды. Ғалым ел есіндеқалды, бүгінде Алматыдағы орталық көшежәне Ақтөбедегі көшенің бірі С.Бәйішев есімімен аталады.Білім алған Темір қаласындағы орта мектепке, Ақтөбеқаласындағы облыстықәмбебап-ғылыми кітапхана мен жоғары оқу орындарының біріне оның есімі берілген. Алматыдағы С.Бәйішев тұрған алпысыншы номерлі үйіне мемориалды тақтайша орнатылды.

Сақтаған Бәйішұлын білетін адамдардың айтуынша, оның жұмысқа деген ғажайып қабілеттілігі, көздеген мақсатына жетуде табандылығы, небір қиын мәселелерді шешуге мемлекеттік тұрғыдан келетіндігі жәнеәділеттілігі қайран қалдыратын. Оның кішіпейілділігі, адамгершілігі айрықша назар аударарлықеді. Академик адамдардың дүниетанымының біртұтастығын, парасаттылығын бағалай білді.

Сөзімізді түйіндей айтқанда, бүгінгі аға буын академик Сақтаған Бәйішевтің ғылыми мұрасын жас ұрпаққа бере алады және жастарды ұлы ғалымның еңбек жетістіктерімен шабыттандырады деп үміттенеміз.

Бауыржан ЖҮНІСОВ,

 Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік

 университетінің профессоры.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button