Басты жаңалықтар

Жол қауіпсіздігі — басты назарда

«…Менің басты міндетімнің бірі — Қазақстанды қауіпсіз әрі жайлы елге айналдыру. Құқық қорғау органдарына және басқа да жауапты мекемелерге азаматтардың қауіпсіздігін барынша қамтамасыз ету жүктелді…».

 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауынан.

Соңғы кездері жол-көлік оқиғасы тым жиілеп кетті. Бұл мәселеге Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі алаңдаушылық білдірді. Президентіміз биылғы Жолдауында жол-көлік оқиғаларына қатысты: «Жол апаттары қоғамның зор алаңдаушылығын туғызып отыр. Жыл басынан бері жол-көлік оқиғасынан 1300-ден астам адам қаза болып, 16 мыңнан астам азамат зардап шекті. Адамдар күн сайын жол үстінде қазаға ұшырап жатыр. Олардың арасында тұтас отбасылар да бар», — деді. Бұл орайда Мөңке бидің «темірден болар ажалың» деген болжамы осы автокөліктерге, жол-көлік оқиғаларына қатысты ма деп те ойлайсың. Өкінішке қарай, облыста көлік апатына қатысты деректер азаймай тұр. Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бұл салаға қатысты Жолдау жүктеген міндеттердің облыста орындалу барысы жайында облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Ардана Саймағамбетовпен сөйлескен едік…

Алты апаттың әсері

Жыл басынан бергі тоғыз айдың қорытындысы бойынша облыс аумағында жол-көлік оқиғасының 2,2 есеге (375-тен 824-ке дейін) өскені белгілі болды. Жол апатынан қаза тапқандар 83,3 пайызға (66-дан 121-ге дейін) және жараланғандар 2,4 есеге (481-ден 1160-қа дейін) өскені байқалады. Мамандар жол-көлік оқиғасынан қаза тапқандар санына халықаралық және республикалық маңызы бар жолдарда 38 адамның өмірін қиған 6 көлік апаты әсер еткенін айтып отыр. Естеріңізге салсақ, жыл басында Ақтөбе-Астарахан тасжолының Темір ауданы тұсында бес адамның өмірін жалмаған жол-көлік оқиғасы тіркелген болатын. Мұндай қайғылы жағдай наурызда осы жолдың 120-шақырымында да тіркелді. «Лада-Ларгус» автокөлігі өртеніп, сегіз адам көз жұмды. Сол сияқты Самара-Шымкент, Ақтөбе-Орск бағытындағы тасжолдарда болған ірі жол-көлік оқиғаларына жүргізушілердің көлікті басқара алмауы, қарсы жолаққа шығуы, жүк көлігінің техникалық зақымдануы сияқты жайттар себеп болды. Ең өкініштісі — мұндай жағдайлар жол бойында бірнеше адамның, бүтін бір отбасының өмірін қиды.

Облыста жол апаты мен жараланғандарсаныныңөсуіжол-көлік оқиғаларын есепке алу нұсқауына өзгерістер мен толықтырулар енгізуіне байланысты болып тұр, — дейді департамент өкілі Ардана Саймағамбетов.

Транзиттік көліктер «тәртібі»

Оның айтуынша, жол-көлік оқиғасына қатысты өлім-жітімнің өсуі жазғы кезеңде байқалады. Нақтырақ айтсақ,  биыл мамырда — 14,маусымда — 21,шілдеде — және тамызда 26 жағдай тіркелген. Департамент өкілі бұл деректерді демалыс маусымымен каникул кезеңінде көлік қозғалысы қарқындылығының артуымен байланыстырды.

Облыс аумағында жол апатынан қаза тапқандардың 63,6 пайызы республикалық және халықаралық маңызы бар жолдарға тиесілі. Мұндай дәрежедегі тас жолдарда биылдың өзінде 133жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 77адамқаза тауып, 261адамзардап шекті.Бұл ретте қаза тапқандардың басым бөлігі— Самара-Шымкент автожолындағы жолаушылар. «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» транзиттік дәлізінің учаскесі саналатын бұл жолдың облыс аумағындағы ұзындығы— 714 шақырым. Бүгінде үшінші техникалық санатқа жататын бұл көлік дәлізінде қозғалыс қарқындылығы өте жоғары. Тәулігіне 16 мыңнан астам автокөлік өтеді, — дейді Ардана Саймағамбетов.

Биыл қала сыртындағы жолдарда тіркелген133 жол-көлік оқиғасының 63-і транзиттік көлік құралдарының қатысуымен болған. Соның салдарынан 34 адам қаза тауып, 116-сы зардап шеккен. Оның ішінде шетел азаматтарының қатысуымен 33 жол-көлік оқиғасы тіркелген.

Президентіміз биылғы халыққа арнаған Жолдауында елеулі мәселелермен қатар, жол апатына қатысты проблемаға алаңдаушылық білдірді. Әрине, жол-көлік инфрақұрылымын жақсарту және интеллектуалдық жүйені енгізу арқылы жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету — негізгі міндеттеріміздің бірі. Мемлекет басшысы осы мәселеге айрықша мән берді. Бұл — жергілікті ғана емес, республикалық жолдарға да қатысты мәселе. Сонымен қатар автокөліктердің техникалық жағдайына тиісті бақылау жасау, жүргізушілерді даярлау жұмыстарын жетілдіру — сала мамандарының алдындағы нақты тапсырмалар. Қазіргі таңда біз осы бағыттағы жұмыстарымызды жетілдіруге барынша күш салып жатырмыз. Қасым-Жомарт Кемелұлы айтқандай, бүгінде жүргізушілерді даярлау деңгейінің төмендеп кеткені жасырын емес,  — дейді облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Ардана Саймағамбетов.

Облыста автомобиль жолының ұзындығы— 8770,7 шақырым. Оның1868,9 шақырымы — республикалық маңыздағы жол болса (21%), халықаралық жолдың үлесі — 661 шақырым, 4460,3 шақырым жол жергілікті маңызға ие (51%).

Техникалық сүйемелдеу және ұшқышсыз ұшу аппараттары

Сала мамандарының айтуынша, қазір аймақта апатты-қауіпті учаскелердің әрбір 20-30 шақырымына патрульдік полицияның қосымша нарядтары қойылған.

Қарбалас уақыттарда, яғни таңғы сағат 7.00-ден сағат 11.00-ге дейін және сағат 15.00-ден кешкі сағат 19.00 аралығында техникаларды сүйемелдеу ұйымдастырылады. Бұдан басқа транзиттік көліктердің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында Ресей Федерациясымен шекаралас «Жайсаң» және «Әлімбет» шекара бекеттерінде апатты-қауіпті учаскелер,сондай-ақ демалыс алаңдарымен кемпингтердің мекенжайларын көрсете отырып, жадынамалар тарату бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жол бойындағы кемпингтерде оқиғаорнынан бейнероликтерде көрсетіледі. Жол-көлік оқиғаларын және олардың салдарының ауырлығын төмендету мақсатында жылдамдық режимінен асып кету және қарсы қозғалыс жолағына шығу себебінен «Автоураган» және ұшқышсыз ұшу аппараты пайдаланылады. Бүгінде осындай құрылғылардың, іс-шаралардың нәтижесінде 60 мыңнан астам құқықбұзушылық анықталды, — дейді ол.

Полицей ұсынған кофе

Жол апатының алдын алуға қатысты іс-шаралар мұнымен шектелмейді. Бір қызығы, рульдегі жүргізушілер ұйықтап кетпес үшін полицейлер медицина қызметкерлерімен бірлесіп рейдтік іс-шаралар ұйымдастыруды да қолға алған.

Егер рейд кезінде шаршаңқы жүзді жүргізушіні көрсе, оған демалу ұсынылады,түнгі уақытта «Кофе-Тайм» акциялары өткізіледі. Мұндай іс-шарада жүргізушілерге кофе тегін таратылады.

Бұдан басқа жасырын патрульдеуді жүзеге асыру үшін «Парк Райтс-С» кешендері іске қосылмақ. Облыста мұндай кешеннің 13-ін алуға 195 миллион теңге қарастырылған. Сондай-ақ халықаралық және республикалық маңызы бар автожолдың авариялық-қауіпті учаскелерінде12 бейнеқондырғы орнату жұмыстары басталды.

Жол ережесін бұзғандарды жазалаушараларымен жол-көлік оқиғалары деңгейін төмендетуге қол жеткізу мүмкін емес. Өйткені жол қауіпсіздігін еәсер ететін факторлардың бірі— дамыған жол инфрақұрылымы. Осыған байланысты біз жергілікті атқарушы органдарға жол инфрақұрылымын қондыруға ұсыныстар беріп отырмыз, — деген департамент өкілі өз сөзінде биыл облыс әкімдігінде өткен отырыста жолқауіпсіздігімәселесібірнеше рет қаралғанын, онда департамент тарапынан айтылған ұсыныстар негізінде нақты іс-шаралардың жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.

Арайлым НҰРБАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button