Жаңалықтар

Қамқорлық үлгісі

Қолдау

Биыл ауданда су тасқыны кезінде әлеуметтік нысандар зардап шеккені белгілі. Қаратал ауылында күрделі жөндеуден өткен Ш.Берсиев атындағы орта мектеп 1 қыркүйектен бастап оқушыларды жап-жарық, жаңа мектепке қабылдаған болатын.

Жақында аталған мектеп үшін Қазақстанда жаңартылатын энергия көздері саласындағы жобаларды жүзеге асыратын «Eni Plenitude» компаниясының еншілес ұйымы «Arm Wind» ЖШС құны 100 млнтеңге тұратын оқуға қажетті IT-құрылғыларын алып берді.

10 қазан күні компания басшысы Федерико Пульезе өз командасымен және облыстық білім басқармасының басшысы Жайық Сұлтанмен бірге Қаратал ауылына келіп, құрылғыларды ресми түрде табыстады.

Кәсіпкерге мектеп ұжымы мен оқушылар алғыстарын жаудырып, ризашылықтарын білдірді.

Д.АЙДАР,

Ойыл ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button