Денсаулық

Күні-түні қабылдайды

Ақтөбеде травматологиялық пункт ашылды.Ол Алматы ауданындағы Қарғалы қалалық көпбейінді ауруханасының хирургия блогы жағында орналасқан.Мамандар науқастарға қызмет көрсетуді бастап кеткен.

Облыс орталығында екінші травматология пунктін ашу туралы бастаманыеліміздің Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті көтерген, мұндағы себеп — жол-көлік оқиғаларынан зардап шеккендер қатарының көбеюі екен.

Денсаулық сақтау министрлігінің «Травматологиялық және ортопедиялық көмек стандартын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, халық саны 120 мыңнан асатын елді мекендерде жарақат алған науқастарға шұғыл медициналық көмек көрсету үшін травматологиялық пункттер ұйымдастырылуға тиіс. Травматологиялық көмек желісін әсіресе апат жиі болатын жоғары республикалық трассаларға жақын орналасқан елді мекендерде кеңейту көзделген. Сондықтан облыстық денсаулық сақтау басқармасы үшіносы стандартқа сәйкес, травматология пункттерін ұйымдастыру — маңызды міндет.

Қарғалы қалалық ауруханасының бас дәрігері Қадырбек Иманбаевтың айтуынша,

травматологиялық пунктте тәжірибелі травматологтараптаның әр күнінде 24 сағат жұмыс істейді.

— Травматологиялық пунктте алғашқы көмек көрсетуге барлық жағдай жасалған: қабылдау бөлмесі, рентген жабдықтары, ультрадыбыстық зерттеу аппараты, байлап-таңу бөлмесімен шокқа қарсы кабинеттер бар. Біздің тәжірибелі травматологтар жарақаттанған адамдарға алғашқы көмек көрсетуді бастап кетті, — дейді Қ.Иманбаев. Сондай-ақ бас дәрігер республикалық маңызы бар Самара-Шымкент трассасында жол-көлік оқиғасы жиі болатынын, травматологтар зардап шеккен жолаушыларға да алғашқы көмек көрсетуге дайын екенін, қажет болған жағдайда пациенттер хирургиялық немесе реанимациялық бөлімшелерге емдеуге жатқызылатынын, ал ұсақ жарақаттар кезінде көпбейінді облыстық ауруханаға жеткізілетінін айтты.

А.БАЛЖАНАЙ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button