Мереке

Жұмысшы-қызметкерлер мүддесін қорғаймыз

Кәсіподақтар күні

1990 жылғы 10 қазанда Қазақстан кәсіподақтарының XIV съезінде Қазақ КСР кәсіптік одақтар федерациясының — Қазақстан кәсіподақтар кеңесінің құқықтық мирасқорының құрылуы туралы Декларация қабылданды. Кәсіподақтар федерациясының бірінші төрағасы болып Ермек Жақсылықов сайланды.

Федерация мемлекеттік билік органдарынан, жұмыс берушілерден, саяси партиялардан өзінің тәуелсіз қызмет істейтіндігін жариялады, кәсіподақтардың іс-әрекеттерін шоғырландыруды, кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық, еңбек құқықтары мен мүдделерін ұсыну мен қорғауды, кәсіптік одақтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуді алдына басты мақсат етіп қойды.

ХХ ғасырдың соңғы онжылдығы Қазақстан кәсіподақтары үшін қызметті реформалау және жаңарту, жұмыстың жаңа нысандары мен әдістерініздеужәнеқалыптастырукезеңіболды. Осы уақытта Қазақстан жас тәуелсіз мемлекет ретінде бетбұрыс кезеңін бастан өткерді, елде кең ауқымды, күрделі әлеуметтік және экономикалық реформалар жүргізілді. Осы уақыт ішінде кәсіподақтар федерациясы жаңа өмір құрылысының белсенді қатысушысы болды, халықпен бірге тыныстап, уақыт тынысымен өзектес қимыл жасауға тырысты.

Қазақстанның кәсіподақ қозғалысы өткен ғасырдың басында пайда болды және бүгінде ол өзінің негізгі және басты қағидаттарын ұстануды жалғастыруда, ол— еңбек адамы үшін тұрақты жұмыс, лайықты жалақы, қауіпсіз және жайлы еңбек жағдайларына ие болуы.

Қоғамдық дамудың қазіргі заманауи кезеңіндегі кәсіподақтардың басты міндеті — еңбек идеологиясын, әділеттілікті, ынтымақтастықты, жұмысшы адамның қадір-қасиетін насихаттау. Адамдар өз құқықтары үшін өздерінен басқа ешкім күреспейтінін түсінуі керек. 2024 жыл Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясы Бас кеңесінің шешімімен «Лайықты еңбек жылы» деп жарияланғаны мәлім.

Үш жылға есептелген өңірлік келісім жыл сайынғы жалақыны индекстеуді, өндірістік жарақаттануды азайтуды, әлеуметтік-еңбек жанжалдарының алдын алу және болдырмау бойынша шараларды жүргізуді, еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторларға қосымша ақы төлеуді көздейді.

Кәсіподақтың негізі — бастауыш ұйым. Тұрақты жүргізіліп отыратын «Бастауыш ұйым, жағдайың қалай?» акциясы аясында онлайн-режимде кәсіподақтар федерациясының, салалық және аумақтық кәсіподақтар бірлестіктерінің жетекшілері 2023 жылы 26 820 кәсіподақ мүшелерінің қатысуымен 146 бастауыш кәсіподақ ұйымдарымен байланыс орнатты. Виртуалды байланыс шеңберінде 18 проблемалық мәселе белгіленді, оның 16-сы оң шешілді (14 — өңірлер деңгейінде, 2 — республика деңгейінде), екеуі федерация мен салалық кәсіподақтардың бақылауында, оларды ҚР қолданыстағы заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу, заңға тәуелді актілерді қабылдау арқылы шешуге болады.

Кәсіподақтар федерациясы қызметінің 2020-2025 жылдарға арналған«Кәсіподақ әділдік пен дамуға бірлікте» атты стратегиясына сәйкес өзекті мәселелердің бірі — кәсіподақ мүшелерінің еңбек және әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғау жүйесін жетілдіру болып табылады.

Барлық аумақтық бірлестіктерде «Татуласу орталығы» қызметі жұмыс істейді, Заң клиникасының филиалдары ашылды, олар еңбек заңнамасы мәселелері бойынша тегін заң және медиативтік көмек көрсетеді. 2024 жылдың басынан бастап оның мамандары 26 түсініктеме мен кеңес берді, қызметкердің пайдасына 16 оң шешім қабылданды.

Тұрғындар үшін заңдылықтар бойынша кеңес беру мына мекенжайда тегін жүргізілетінін еске салғымыз келеді: Маресьев көшесі, 91-ғимарат, 24-бөлме.

Кәсіпорындар мен ұйымдардағы еңбек қатынастарын реттеудің қолданыстағы әдістерінің бірі ұжымдық шарттар жасасу болып табылады. Өңірде ұжымдық шарттармен кәсіпорындардың 64 пайызы қамтылды. Кәсіподақ ұйымдары жұмыс істейтін жерлерде қамту 100 пайыз құрайды. Жыл басынан бері кәсіподақ орталығы арқылы 168 жаңа ұжымдық шарттың мониторингі өтті, олардың барлығы Еңбек кодексінің талаптарына сәйкес келтірілді.

Ұжымдық шарт — бұл кәсіподақ мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғаудың негізгі құралы. Сондықтан да олардың мазмұны мен сапасына ерекше назар аудару қажет. Әсіресе еңбек ақы төлеу, өндірісте қауіпсіз жағдай жасау саласындағы ережелер жақсы жағына қарай өзгертілуі керек, оларды жаңа әлеуметтік пакеттермен және кепілдіктермен толықтырған дұрыс.

Кәсіподақ орталығы еңбек дауларын шешуге қатысады, кейде кәсіподақтар жоқ жерлерде де іске араласуға тура келеді. Нәтижесінде қызметкерлердің кәсіподаққа деген сенімі артты, жаңа кәсіподақ ұйымдары құрылды. Осылайша биыл ауылшаруашылығының салалық кәсіподағында үш жаңа ұйым, металлургия, мәдениет және спорт саласында —екі-екіден, мемлекеттік қызмет саласында бір ұйым құрылды.

Биыл атқарушы орган, кәсіподақ және жұмыс берушілер арасында 5455 үшжақты меморандумға қол қойылды, бұл жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар санының 51 пайызын құрайды. Аталған шара жұмыс орындарын сақтап қалуға мүмкіндік берді, 100-ге жуық кәсіпорын 50 мыңнан астам қызметкердің жалақысын орта есеппен 10-15 пайызға арттырды.

Федерация компенсаторлық модельден еңбекті қорғауды басқарудың тәуекелге бағдарланған жүйесінің қағидаттарына көшуге бағытталған 2024-2030 жылдарға арналған Қауіпсіз еңбектің жаңа тұжырымдамасын әзірлеуге қатысуда. Қазіргі уақытта республика бойынша біздің мүшелік ұйымдарда 11 мың өндірістік кеңес жұмыс істейді, кәсіподақтардан еңбекті қорғау жөніндегі 17 мың техникалық инспектор еңбек етеді.

2023 жылғы 21 желтоқсанда еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын адамдарды қоғамдық бірлестіктер және әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі заң қабылданды. Кәсіподақтар көптеген уақыт ішінде алғаш рет зиянды еңбек жағдайларында еңбек ететін кәсіпорындардың 55 жасқа толған жұмыскерлері үшін арнайы әлеуметтік төлем енгізуге қол жеткізді. Бұдан басқа №176 «Шахталардағы еңбек қауіпсіздігі және гигиенасы туралы» конвенцияны ратификациялау бойынша консультациялар өткізу жоспарлануда.

Кәсіподақтар заңнаманы жетілдіру саласында жемісті жұмыс жүргізуде, еңбек дауларын шешу тәртібін оңайландыру, кәсіподақтардың құқықтарын кеңейту, қоғамдық бақылауды күшейту, қызметкерлерді әлеуметтік қорғау, қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету жәнет.б. бөлігінде бірқатар заң жобаларына ұсыныстар енгізілді.

2025 жылы Қазақстанның кәсіподақ қозғалысына 120 жыл, Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясына 35 жыл толады. Бүгінгі қарқынды өзгерістер дәуірінде біз еңбек қатынастарының барлық қатысушылары арасындағы сенімнің, ынтымақтастықтың және өзара түсіністіктің маңыздылығын бұрынғыдан да түсінеміз. Тек күш біріктіру арқылы кез келген қиындықты жеңе аламыз және әр қызметкер үшін лайықты жағдайды қамтамасыз ете аламыз.

Біздің алдымызда әлеуметтік әріптестік бойынша салалық және өңірлік келісімдерді жетілдіру, облыстық үшжақты комиссия қызметін жандандыру, 2030 жылға дейін Қауіпсіз еңбек тұжырымдамасын іске асыру міндеттері тұр. Сонымен қатар біз еңбек қауіпсіздігі бойынша— «Халықтық бақылау», «VisionZero», «ASPANS» жобаларын ілгерілетуді жалғастырамыз. Біздің жұмыс жоспарымызға үш ай сайын «Өндірістік жарақаттанудың алдын алудың бірыңғай күнін»ұйымдастыру қажет. Осының барлығы жұмысшы-қызметкерлердің мүддесін қорғауға, оларға қызметіне қолайлы жағдай тудыруға негізделген.

Мереке тұсында әрбір еңбек күнін белсенді қоғамдық қызметпен сәтті ұштастырып, кәсіподақ қозғалысының дамуына елеулі үлес қосқан әріптестерімізге алғысымызды білдіргіміз келеді.

 

Алтынбек ӘМІРҒАЛИЕВ,

Ақтөбе облысы кәсіподақ орталығының төрағасы.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button