Мәдениет

«Сұңқар» мен «Қыран» сайысты

Жұма күні С.Маршак атындағы балалар кітапханасында «Елімнің еркіндігі — тәуелсіздік» атты шығармашылық кеш өтті.

Кеш мақсаты — жас оқырмандарды туған жерді құрметтеуге шақыру, оларды отаншылдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу, патриоттық сезімдерін ояту.

Бес бөлімнен құралған кеште «Сұңқар» мен «Қыран» топтары мақал-мәтел жарысы, үй тапсырмасы, өз өнерін көрсету, түрлі-түсті қағаздардан сурет құрастыру тәрізді шарттар бойынша бақ сынады.

Кеш барысында «Тәуелсізбін, еркінмін, байтақ елмін» тақырыбында кітап көрмесіне шолу жасалды. Көрмеге Елбасының Жолдаулары, «Бейбітшілік кіндігі» атты еңбегі және Президент туралы жазылған еңбектер мен Қайым-Мұнар Табеевтің «Қазақтың Желтоқсаны», Алдан Смайылдың «Астана ғасырлары» атты кітаптары қойылды.

Шара соңында қалалық орталықтандырылған кітапхана жүйесі мемлекеттік мекемесінің басшысы Б.Қошабаева сөз алып, кешке қатысушы топтарды дипломмен, бағалы сыйлықтармен марапаттады.

 

А.КЕНШІНБАЕВА,

кітапханашы.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button